Аяулы азаматтың өшпес есімі

  • Геологиялық ғылымдар институты

  • Сәтбаев қаласы

  • Қаныш Сәтбаев атындағы канал

  • Кіші планета

  • Минерал сатпаевит

  • Инженерлік-техникалық институты

  • Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті

  • Сәтбаев мұздығы

  • Пошталық марка

  • Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған монета

  • Мемориалдық тақта

  • Қ.И. Сәтбаевтын мемориалдық мұражайы

  • “Қаныш Сәтбаев” даңғылы

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ИНСТИТУТЫ(ГИН), ҚР Ғылым және білім беру министрлігінің Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы негізінде 1940 ж. ұйымдастырылған республикадағы тұңғыш академиялық ғылылыми зерттеу институты. Институттың негізін қалаған әрі бірінші директоры — академик Қ.И.Сәтбаев болды.

1940 жылы КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінің геологиялық секторы негізінде Геологиялық ғылымдар институты ұйымдастырылған. Институт 2-дүниежүзілік соғыс жылдары қалыптасты. Соғыс уақытындағы зерттеулер елдің қорғаныс мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталды. Институтта іске асырылған Орталық Қазақстан, Алтай, Қаратаудың марганец, мыс, полиметал және сирек металдар кен орындарын игеру жұмыстары Орал, Сібір, Қазақстан мен Орта Азияның қорғаныс зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Соғыстан кейінгі жылдары институтта геологиялық ғылымының басым бағыттары дамытылды. Олар: аймақтық геология, тектоника, минералогия және Жер қыртысының геологиясы, металлогения, кенді аудандарды кешенді зерттеу, мұнай мен газ кен орындарының геологиясы.

Сәтбаев қаласы - Қарағанды облысындағы қала. Халық саны 70000 адам. Жезқазған қаласынан 16 км жерде орналасқан. Негізгі өндірісі - мыс.

Сәтбаев қаласы - Қазақстандағы қала 1973 жылы құрылған. Қала аумағы 1,1 мың шаршы километрге тең.

Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 70,6 мың адамды құрады.

Қалалық әкімшілікте 1 кенттік округ, 1 ауылдық елді мекен бар.

Қаныш Сәтбаев атындағы каналы (Ертіс-Қарағанды каналы), Павлодар және Қарағанды облыстары жерімен ағып өтеді.

Қазақстандағы аса ірі су құрылыстарының бірі. Ертіс өзенінің су қорына негізделіп салынған. Құрылысы 1962 жылдан басталып, 1974 жылы канал іске қосылды. Ертіс өзенің сол жағасындағы Ақсу қаласы тұсынан басталып, Қарағанды қаласына таяп аяқталады. Жалпы ұзындығы 458 км. Оның 272 км-і Павлодар облысы, 186 км-і Қарағанды облысы жерінде.

(2402) Сәтбаев (лат. Satpaev) - басты белдеудің астероиды, 1979 жылдың 31 шілдесінде совет астрономы Николай Черных Крым астрофизикалық обсерваториясында тапты. Бұл астероидқа қазақтың ғалым-геологы Қаныш Сәтбаев есімі берілді.

Сәтбаев астероидының орбитасы және оның Күн жүйесіндегі орналасуы

 

Химиялық формуласы 6Al (OH)3×3v (O2OH)×2v {O (OH)2}[29] минерал сатпаевит ванадийлі кен орнында табылды. Түсі ақсарыдан қызыл қоңырға дейін, жылтырығы күңгірт, құлпырған.

 

 

 

Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы Инженерлік-техникалық институты (ЕИТИ). Жеке меншік түрі – мемлекеттік емес. 1994жылы ашылды.

Қазақ ұлттық техникалық университеті - Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы техникалық білім беретін жоғары оқу орны. Кеңес Одағы кезінде Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институты деп аталды. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін институт университет мәртебесін алды және оған қазақтың ұлы перзенті геолог ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев есімі берілді. Университет Алматы қаласында орналасқан.

1933 жылы 20 қазанда КСРО Халық комиссариаты Алматы қаласында құрамында тау-кен және түсті металлдар факультеттері бар Қазақ тау-кен металлургия институтын құру жөнінде қаулы қабылдады.

СӘТБАЕВ МҰЗДЫҒЫ – Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Алматы обл. Сарқант ауд. жерінде. Лепсі өз. осы мұздықтан бастауын алады. Мұздықтың ауд. 7,5 км2, ұз. 5,5 км, абляц. (еру және булану телімі) ауд. 4,7 км2, мұз көл. 0,50 км3. Мұздықтың ені 1 км-ге жуық, мұздық тілі 2950 м-ге дейін төмендеген. Мұзқар (фирн) 3520 м биіктіктен өтеді. Мұздықты алғаш реет 1912 ж. С.Дмитриев, 1915 ж. В.Сапожников зерттеді. 1947 ж. Қазақ КСР-і ҒА Геогр. Секторының (1983 жылдан ин-т) экспед. абляция аумағын, мұздың жылжу жылдамдығын, мұз тілінің жағдайын бақылап, нақты қорытындылар жасады. 1947 ж.мұздыққа және оның шыңына (абс. биікт. 4291 м) кеңес геологы, ғалым және қоғам қайраткері, академик Қ.И.Сәтбаевтың есімі берілді.

Қазақ ССР Ғылым Академиясы ғимаратының тұсындағы  Сәтбаев Қ.И. суреті бар пошталық марка

Ашық кітап тұсындағы Сәтбаев Қ.И. суреті бар пошталық марка

Қ.И.Сәтбаевтың 100 жылдығына арналған монета

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағына (ревер) сол жақ тұсына академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың суреті бейнеленген. Суреттің оң жағына екі жолға "100 ЖЫЛ" деп жазылған. Төменгі жағына "Қ.И. Сәтбаев" деген жазу және "1999" деп монета шығарылған жыл жарты шеңбер жасай жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген. Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм. Таралымы - 50 мың дана.

 

http://www.nationalbank.kz/?docid=465

Мемориалдық тақта 2002 жылы 26 қыркүйек айында Павлодар қаласында орнатылды.

1

Ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының ұымдастырушысы әрі тұнғыш Презіденті Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты, КСРО және Қазақ ССР Ғылым академиясының академиғі Қ.И. Сәтбаевтің мемориалды мұражайы ашылғанына 40 жылдан асты

Мұражай директоры Сағымбекова Үміт Сапарбекқызы осы қызметте 2010 жылдан істейді.

Басында аудандық Мәдениет үйінен арнайы бұрыш бөлініп, 1964 жылы қырқүйек айында қоғамдық негізде жұмыс істей бастады.
Мұражайдын ашылуына 1964 жылдын жазында Баянауылда еңбек семестрін өткізген сол кездегі Алматы политехникалық институтының студенттерінен құрылған Ғ.Шалахметов бастаған құрылыс отряды мүшелерінің ынта білдіруілері себеп болып, аудан басшыларынан қолдау алды.

2

Бірте-бірте мұражай жәдігерлерінің молая түскендегі, жастарды рухани тәрбиелеуде тигізер маңызының артуы ескеріліп 1967 жылы Қаныш Имантайұлының мұражайы ресми түрде ашылып,қызмет көрсете бастады. Қазіргі кезде мұражай типтік ғимаратта орналасқан. Ол 522 шаршы метр жерді алып жатыр. Мұражай қорында 3000 жәдігер бар, оның 1484 тікелей сөрелерде тұр. Шағын кітапханасы бар қор сақтайтын арнаулы орында бар. Онда туған өлкеміз, қала берді облыс тарихы жөнінде кең мағлумат беретін әдебиеттер, газет-журналдардан алынған деректер мұкият сақтаулы. Сонымен қатар Баянауыл жерінде дүниеге келген әйгілі жерлестеріміз: ғалымдар, жазушылар, ақындар және өнер адамдары жөнінде деректер де арнаулы папкараларда жеке жиналған. Бәрін де осы қордан көріп тануға болады.Өзінің жұмыс істеп тұрған кезені ішінде сирек кездесетін, құнды жәдыгерлермен толықтырыла келе мемлекеттік мекеме деген статусқа ие болды.

3

Мұражайда 6 зал бар. Оларда ғалымның жастық шағынан, есею жылдарының, толысқан шағынан сыр шертетін, ғалымның өмір жолымен, яғни ауыл мектебінде дәріс алуынан бастап, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Президенті лауазымына тағайындалғанға дейінгі өмір баспалдағымен таныстыратын түрлі құжаттар, фотосуреттер, деректер және Қаныш Имантайұлының тұтынған жеке заттары қойылған.

Мұражайдын экспозициялық және конференциялық залдарында түрлі мәдени-көпшілілік шаралар жиі өткізіледі. Атап айтқанда әр тақырыпта әнгіме, лекциялар, әйгілі адамдармен кездесулер өткізіледі. Деректі фильм көпшіліктің назарына ұсынылады.

Бүгінгі таңда академик Қ.И. Сәтбаевтын мемориалдық мұражайы рухани мұра орталығы болумен қатар жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, өзінің туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыруға,

4

Отанымыздын лайықты азаматы болып қалыптасуына мүмкүндігінше елеулі үлес қосуда.

http://bayanaul.pavlodar.gov.kz/?show=10&lang=2&artID=86

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен қаласы Жібек маталар  комбинаты шағын ауданындағы  “Текстильщиков даңғылы” 2007 жылы “Қаныш Сәтбаев” даңғылы болып өзгертілді.
№44 О.Бөкей атындағы мектеп –лицейі  осы даңғылда орналасқан.

 

Previous
Келесі
Іс-шаралар
Ескерткiштер
imageimageimageimage
Наградалары
Фотомұрағат