Естеліктер

  • В.А.Амбарцумян

  • М.Әлімбаев

  • З.Ақышев

  • М.Әуезов

  • С.Бәйішев

  • Ә.Бектұров

  • Е.Букетов

  • М.Ғабдуллин

  • Ы.Жақаев

  • О.Жәутіков

  • А.Жұбанов

  • С.Зиманов

  • М.В.Келдыш

  • Ә.Марғұлан

  • С.Мұқанов

  • Н.Оңдасынов

  • М.Сәрсекеев

  • Ә.Тәжібаев

  • Ф.В.Чухров

  • Ш.Шокин

  • 123

1

В.А. Амбарцумян

ҮЛГІ АЛУҒА ЛАЙЫҚТЫ БЕЙНЕ

Аса көрнекті совет ғалымы және мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қызметі, мамандығы, лауазымы және қоғамдағы орны жағынан ерекше оқшау тұратын адамдар қатарына жататын еді.

Тек қазақ халқы үшін ғана емес, барлық совет елі ,үшін туған аса ірі геолог, Қазақстанның табиғат байлығын зерттеуші, Қоммунистік партияның адал перзенті шын мәніндегі дарынды ғалымы еді. Оның бір өзі бірегей құбылыс болатын. Онын бейнесін, онын, мейірімді жүзін, оның достық көңілмен жымиып күлетінін мен ерекше бір тебіреніспен және шексіз құрмет сезіммен еске алып отырмын.

Көбіне біз Москвада, Ғылым академиясының мәжілістерінде, ғылыми конференцияларда кездесіп жүрдік, ал мәжіліс аралығындағы үзілістерде екеуара пікір алысатынбыз және әрқашан одақтас республикалардағы ғылыми зерттеулерді барынша жоғары дәрежеге көтеруге қайткенде жетуге болады деген тақырыпты тілге тиек ететінбіз.

Ғылыми талқылаулардың бәрінде де оның сөйлеген сөзі көзқарас ауқымының кеңдігімен ерекшеленетін, ғылыми зерттеулердің тереңдігін олардын, Совет мемлекетіне неғұрлым мол пайда әкелетін бағыттарымен ұштастыруға жету мақсатына толы болатын.

2

Оның ешбір әзірліксіз, бірақ әрқашан сабырлы да нысаналы сөйлеген сөздерін тыңдаған адам, Қаныш Имантайұлының ғылымды, ең алдымен геологиялық ғылымды дамыту туралы, осының негізінде өндіргіш күштерді одан әрі дамытуды қамтамасыз ету туралы ғана ұдайы ойлап жүретініне еш күмән келтіре алмайтын.

Қаныш Имантайұлы өз өмірін тұтас ғылымға және оны іс жүзіне колдану проблемаларына арнай тұрса да, ол қарапайым адамдармен, өзінің ақыл-кеңесі мен жәрдемін алғысы келгендермен қарым-қатынас жасап тұру үшін әрқашан уақыт таба білетін. Ол өте карапайым да ақжүрек адам еді.

Академик Қ. И. Сәтбаев сынды төрт құбыласы сай келген адамдар туралы ойлағанда бала кезінде алған тәрбие ғана басқа адамдармен қарым-қатынаста мұншалықты биязы және ізгі жанды қалыптастырып шығара алмас едіау деген ойға қаласыз. Оның зор табиғи дарыны ғылым саласында алға жылжуына ғана емес, сондайақ өзінезі тәрбиелеуіне, жетілдіруіне де көмектесті. Сондықтан да мен үшін және көптеген басқа адамдар үшін академик Сәтбаев әрқашан үлгі алуға лайықты бейне болып қалады. Ол тек жақсы ғалым болғысы келгендерге ғана емес, сонымен бірге Ұлы Отанымыздың лайықты азаматы болуға ұмтылған миллиондаған жастарға да үлгі.

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

М.Әлімбаев

ҚАНЫШ — ХАЛЫҚ АУЗЫНДА

1. Біртуар

Сөзден сөз туып, Мұхаң бір орайда Қазақ ССР Ғылым академиясына ойысты:

—    Академия президиумының мәжілісін мен әзілдеп, «кереңдер мәжілісі» деп жүрем. Химик-академик сөз сөйлесе, Қаныштан басқамыз қалғып-шұлғып дегендей қалыпта отырамыз, физик бір қызық жайды баяндап аяңдап жатса да, өзгеміз тағы да селт ете қоймайтындаймыз, әдебиет-мәдениет жайынан мен ой-тілектерімді ортаға салсам да, Қаныштан басқасы тағы да марғаулау қалып танытқандай болады. Президиум мүшелерінің — әр сала мамандарының баяндаған сырына сүңги бойлап, үңги барлап, байыбына барып, сан ғылымның саты-саты, қат-қабат жүйесін сараласып, істелген тынған істер мен келелі-күрделі міндет-парыздар тобын түгел топшыласып, маманмен көбіне терезесі тең, кейде асып түсіп, бағыт-бағдар сілтеп отыратын сол президент тің өзі ғана. Мен өз басым талай ғалымды көріп біле жүре солардың кейбірінің өзі ұстаған ілімі төңірегінен аса бермейтініне ішімізден қабақ шытып қалатынымыз да бар. Ал Қаныш болса, Горький сөзімен айтсақ, «мүтін бір мекеме» (Мұхаң: «бүкіл, бүтін», дегенді осылай «мүтін» дейтін еді). Қазақ «сегіз қырлы» дейді ғой, бәлі, бұл сөз дарымайды, кем соғады.

2

Каныш басының қадір-касиеті, дарын-таланты орасан мол. Оған Москва оқымыстылары қандай ден қояды? Қаныш дан-дабыра, ду мен шуды суқаны сүймейді...— деді Мұхтар.

Асқардың асқарлығын айтқаннан өзінің аласармайтынын заңғарың сезіп-біліп, ағынан жарылып отыр-ау деген бір ойды ішіме сонда түйген едім. Тегінде, Әуезов секілді алыптардың бойында ұлылық пен кішілік әрқашанда да осылай қоян-қолтық жүрсе керек.

2.    Академик Бок айтады...

Академик-геолог Иван Иванович Бок беріректе академик-химик Евней Букетовке бір сырын шертіпті.

—    Жезқазған төңірегі қойнауын түрткілеп, кен іздеп жүргенбіз. Айдалада ақ түтек боранда жолдан адастық та кеттік. Әрі сандалып, бері сандалып, түтін иісімен бір ауылға әзер дегенде киліктік. Жатаған бір үйге тап болдық. Үй иесі қасымдағыны бірден тани кетті. Қолымен әріптесімді нұсқап, маған орысша тіл қатты әлгі қазақ ақсақалы. Өзінің әжептәуір орысшасы бар екен.

—    С тобой приехал данышпан,— деді.

—    Данышпан?— деген не деп үй иесінен қайта сұрап ем, оған білігі жете қоймады.

—    По казахский знаешь, а вот по русский не знаешь,— деді ол қолын жайып.

Жолдасымнан бұл не деген сез деп, баламасын сұрап едім, айтпай

3

қойды. Кейін басқа қазақтардан сұрап білдім. Сол сөздің мағынасын түсіндірмей қойған да, данышпанның өзі де Қаныш Сәтбаев болатын,— деп академик Бок сөзін тәмамдапты.

3.    Жамандап жатқан жоқ қой.

Қаныш Сәтбаев алғаш рет СССР Жоғарғы Советі депутаттығына кандидат боп Қарағанды облысынан ұсынылған екен.

Сайлаушылармен кездесулер әуелі Ворошилов ауданынан басталады. Келесісі Осокарев ауданы болса керек.

Халық қалаулысы қайраткеріне үлкен қошемет көр- сетіп, қоштасар мезетте дастарқан мәзірін созып алады. Осокаревтықтар қақаған аязда Қаныштарды ұзақ тосады. Қараңғы түседі. Аудан басшылары «кандидатымыз» тап бүгін келе қоймас», деп халықты бекерге тостырмас үшін үйді-үйіне таратып жібереді. Осыдан кейін уақыт онша ұзамай-ақ шамалы керуен клуб алдына кеп тоқтайды. Осокаровтықтар ұйымдастырғыш екен, ә дегенше радиомен хабарлап, халықты клубқа тез жинап алып, кездесуді бастап кетіпті. Жұрт сенген өкіл осы жердің өз төлі, қазағуар бір орыс азаматы екен. Сол бірінші боп сөйлеп ала жөнелді. Ол кезде қазіргідей электр қуатын мемлекеттік желіден алмайтын кез. Аудан орталығына жарық беретін движок бір жанып, бір күңгірт тартып, кейде тіпті сөнермен боп өлеусірейді.

Жазып алғанын көре алмаған, жұрт сенген әлгі өкіл — МТС директоры алдындағы қағазды былай тастап, оқуды қойып, сөзін жатқа айта бастайды. Қаныштың өмірбаянында Семейде оқығаны айтылатыны аян.

4

Сол жәйт есіне түскен бе, әлде бір ойларды ауыстырып алды ма екен, мінбедегі шешен:

—    Қысқарта айтқанда, Қаныш Имантайұлы жұмысшы табының сенер өкілі, бір кезде әзі жұмыс атқарған Семей ет комбинатының директорына қатерілген,— депті, айтар сөзінен ауытқып кетіп.

Сонда Қаныштың қасында отырған совет қызметкері Айтмұхамет Арыстанбеков:

—    Қанеке, ондайыңыз да бар ма еді әзі?— деп таңдай қағыпты. Сонда тумысынан сыпайы Қаныш Сәтбаев Әйтекеңе бұрылып:

—    Жамандап жатқан жоқ қой, оқасы жоқ, айта берсін,— деп сыбырлапты.

Жаңағы сөз («жамандап жатқан жоқ қой») соңынан қарағандылықтар арасында қанатты сөзге айналып кеткен екен.

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

З. Ақышев

Дидарласу

Сәтекең ауылымен біздің ауылдың арасы он екі-ақ шақырым. Олардың қыстауы Қаратұмсықта.. Бұл арада қазір Баянауыл ауданының Қ. Сәтбаев атындағы совхозының мал базасы бар. Ал, біздің қыстаулар Бестөбе дейтін адырдың бауырында. Мұнда қазір сол ауданның «Октябрьдің 40 жылдығы» совхозының малы бордақыланады.

Жаз жайлауға шыққанда екі ауылдың іргелес қонып қалатын кездері болады. Әсіресе жазғасалым, ел қыстаудан көшіп шыққанда, күзге қарай, жайлаудан қайтқанда, біздің ауылдар Бозшакөлдің шығыс жағын ала қонады да, Сәтекең ауылдары батыс жағында отырады. Сол кездерде мал аралас, қой қоралас дегендей, ығы-жығы боп кетеді. Сәтбай ауылының жастары орысша оқуға басқалардан әлдеқайда бұрын бет бұрды ғой. Олар көбінесе Ақмола, Семей, Омбы қалаларында оқыған. Жаз елге келгенде екі киіз үйді жалғастырып тігіп. соның ішінде спектакль қойғаның көргеніміз бар, Спектакль дегенді алғаш сол жылдары көрдік. Әбдікәрім Сәтбаев скрипка тартады екен, скрипканы да сонда кердік. Домбыра, гармонь да тартады, елең айтады. Неше түрлі спорт ойындарын көрсетеді. Көрші отырған ауылдардың кәрі, жасы бір рахаттанып қалады.

Кейін мен Қанекеңді үлкен жиналыстарда, көптің арасынан

2

президиумдарда отырғанын кердім, сөйлеген сөзін де тыңдадым. Әсіресе Мұхтар Әуезовтің алпыс жасқа толуына арналған Академияның салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзі күні бүгінге дейін құлағымда. Бір есте қалғаны Қанекең сол мәжілісті ашып, жарты сағат кіріспе сөз сөйлегенде қағазға бір қараған жоқ, еркін сөйледі, не қолында, не алдында — стол үстінде — бір парақ қағаз болған жоқ. Ал, бала жасынан бірге өскен досы, өмір бойы үзеңгі қағысып қатар жүріп отырған қызметтес жолдасы Мұқаң туралы сөйлегенде қағазға несіне қарасын Қанекең. Бәрі де өзі көзімен көрген, ез қолынан өткен жайлар, жаңылып қалармын, қателесіп кетермін десін бе. Бірі ұланбайтақ өлкеде техниканы қолынан тұрғызып, жер астының мол қазынасын елінің игілігіне айналдырған, бірі сол елдің мәдениетін, әдебиетін, тарихын ұзын да кең арнаға түсірген қос қанаты, ұядан бірге ұшқан қос сұңқары, қазақ халқын басқа жұрттарға алыстан көрсеткен, Мұқаңның өз сөзімен айтқанда «атан түйенің екі өркешіңдей» қос алыбы еді ғой.

Мұқаңның «Абай» эпопеясын... «бұл XIX ғасырдағы қазақ халқының алуан саладағы тіршілігінің нағыз энциклопедиясы» деген бағаны алғаш айтқан да Қанекен екені белгілі.

1960 жылдың жазында Қанекенмен кездесуіме бір сәтті жағдай туа қалды. Соның алдында Павлодарға командировкаға барып қайттып. Павлодарда Николай Ермилович Алексеев деген қарт мұғалім болған. 1971 жылы сексен алты жасында қайтыс болды. Ленин орденімен наградталған. Қазақ ССР мектебіне еңбегі сіңген мұғалім атағы бар еді. Мектепте, оқу бөлімдерінде елу төрт жыл қызмет істеп пенсияға шыққан.

3

Ертіс өңірінде халық ағарту ісіне көп еңбек сіңірген адам еді. 1904—1905 жылдары белгілі жазушы, революционер Сабыр Шәріпов екеуі қазақ ауылдарында балаларды орысша оқытатын мектептер ашуға тікелей басшылық еткен. Павлодарда алғаш совдеп құрылғанда соның ағарту бөлімін басқарғандардың бірі.

Революциядан бұрын Павлодарда екі кластық орыс-қазақ мектебі болған. 1911 —1914 жылдарда Қанекеңнің немере ағасы Әбікей Сәтбаев сол мектепте оқытушы болған. Қанекең ағасының қолында тұрып, осы мектепте оқыған. Сол кезде осы мектепте Н. Е. Алексеев те сабақ берген. Демек, Алексеев — Қанекеңнің ұстазы.

Кейінгі кезде Павлодарға бара қалсам Николай Ермиловичке бір соқпай, үйіне әдейі барып сәлем беріп шықпай, бірер сағат отырып әңгімелеспей кете алмайтынмын. Оның себебі бар. Мен 1938-1939 оқу жылында Павлодардағы педучилищеде оқытушы болдым. Николай Ермилович ол кезде облыстық оқу бөлімінде инспектор, әрі қаладағы қазақ жеті жылдық мектебінде орыс тілінен сабақ береді. Ол керемет методист. Сонымен бірге бойындағы барын басқаға үйретуден жалықпай еткен адам. Біз, жас мұғалімдер, сабақ беру шеберлігін үйрену жағынан Николай Ермиловичті ұстаз тұтамыз. Кейін Павлодар облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі болған кезімде Николай Ермиловичпен бірге қызметтес болдық. Мен ол кісіні ұстазым әрі қадірлі аға деп санаймын. Павлодарға бара қалсам жолықпай кетпейтін себебім сол. Олай етпесем қарт ұстаз қатты өкпелеп қалады.

Николай Ермилович қазақ тілін де жақсы білетін адам еді. Мұғалім болмай қалған жағдайда қазақ класстарында қазақ тілінен сабақ та беретін. Сол жолы барғанымда да шалға сәлем бере кетейін деп

4

үйіне барып едім, құшақтай алып, көтеріп апарып (қартайса да қарулы болатын) отырғызды да, кепке дейін жібермей қойды. Асығыспын дегеніме қараған жоқ, есігін ішінен бекітті де, кілтін қалтасына салып алды. Әңгіме арасында:

– Қаныш Имантаевичтың халы қалай?— деді қарт.

«Білмеймін» деуге ұялдым. Алматыдан барып отырып, сондай үлкен адамның халынан хабарым жоқ деудің реті келе ме.

—    Жақсы,— дей салдым.

—    Қарым-қатынасың бар ма. Араласып тұрасың ба?

—    Жоқ.

—  Неге? Сендер ауылдас емессіңдер ме. Анда-санда барып сәлем беріп жүрмейсің бе?

— Қызмет жағдайына келгенде ол кісіге байланысты ештеме жоқ. Тек аман, саулығына тілектес боп жүре береміз де.

— Оның да жөн. Уақытын алмайын дейсің ғой.

— Әрине.

Біраз отырған соң мен кетуге ыңғайландым. Дәл шығарда Николай Ермилович қолымды қатты қысып
тұрып:

5

—    Алматыға барған соң Қаныш Имантаевичқа әдейі барып жолық. Қолын, міне, осылай қысып, менен көптен көп сәлем айт.

Ұмытқан жоқ шығар. Ең зерек шәкірттерімнің бірі еді. Тілектеспін. Осынымды жеткізбесең ендігі келгеніңде есіктен қаратпаймын,— деп қабағын түйіп, қарай қалды да, «ойнап айтам» дегендей қарқ-қарқ күлді.

Алексеевтің сәлемін жеткізіп, аманатын орындау мен үшін Қанекеңе жолығуға көптен іздеп жүрген себебім табылғандай қуанып кеттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

М.Әуезов

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЗОР ҒАЛЫМЫ

Қазақтың советтік буындарының ең алдыңғы қатарында, жұртшылық мақтаны боп, толып өскен ғалым азаматтың ең алдыңғы сапында қадірлі орын алатын кісінің бірі — Қаныш Сәтбаев.

1926 жылдан санағанда, табандай 15 жыл бойында Жезқазған ауданының барлық кен байлығын зерттейді. Тәжірибесі өсіп, мемлекеттік ұлы шаруаны ойдағыдай басқаратын енерпаз болумен қатар, Қаныш сол жылдардың өзінде де қазақ халқынан шыққан жас инженер геологтарды баулып, өсіре жүреді.

Үлкен талантпен қанаттанған талабының жемісі өз республикасына да және Ұлы Отан көлемінде де таныла бастайды. Қызықты еңбегі еркештеніп, Қаныш атын мол жұртшылыққа даңқтандырады.

Жік салмай, желісін үзбей, 15 жыл бойы оның зер салғаны бір мұрат еді. Сол ұзақ 15 жыл бойында бар еңбек, қайратын, барлық жиған білім құралын, бар өмірін бір ғана женге жұмсады. Жұмсады да жеңіп шықты, жетіп шықты.

Бұрынғы көшпелі ел жайлаған далада, Сарыарқада, тек киіз үйді ауылдар ғана мезгіл-мезгіл кезіп өтіп жүрген бір түкпірге зер салған. Сол жерден әлем білмеген байлық табамын деген еді.

2

Ол елке туралы осыдан 2400 жыл бұрын грек тарихшысы Геродот бір сөз айтып кетіпті: «Арал тенңізінің алқабында сақ, массагет деген елдер бар. Қола мен жездің молы соларда. Өз жерлерінен казып алады» деген. ХІІІ ғасырда соғын өткен бір кезбе: «Мұнда байлық жатыр» деп кетіпті. Сол үлкен ата-конысты мекен еткен езіміздің Бағанаты жер атын — Жезқазған қойыпты. Қай атасы қазғанын кім білсін!

Қарсақбай, Жезқазғанды жалдамаға алып, ез меншігі еткен шетел байлары 1916—1917 жылдарда, жездің молдығын «пәлендей» деп, бір меже койған Жабыса жалмағаны жез еді. Бірақ алғаны аз, тапқаны тамтық екен. 1917 жылы өзі де кетті.

Сол Жезқазғанда 1926 жылы қызу жұмыс басталады. Сарыарқаның өз баласы, беті-жүзі келбетті, жас шырайда жарқыраған көркі бар, білім-сана нұры бар, жиырма жеті жасқа келген жігіт келді. Аз тобымен іске кірісті.

Еңсесін салған еңбекпен жыл етті... Жігіт есіп, жігіт ағасы бола бастады. Жым-жырт жатқан Жезқазған сол жаңа жылдардың ішінде қайта туа бастады. Жаңа жастық тапқандай. Оны көп жерде, көп жан білуге айналады. Бес жыл деген бір бел еді, ол өткен. Сол кезеңге келгенде, шетел байлары мен мамандары межелеген кен байлығы мұнда қалды. Жігіт еңбегі жеңіп келеді екен. Алдыңғылар айтқан мелшерден отыз есе артық кен орын тауыпты. Тапқанын тығып жатқан жоқ, бар Одаққа даңқ етіп білдіре түсіп, іздеп жатты. Іздегенін ізерлеп, ғылымдық еңбек етіп жазып та жатты. Үздіксіз еңбек үстінде жігіт есіп, ер-азамат болды. Тағы бес жыл кеткен еді.

3

Енді, Жезқазған көп жұрт аузына ілінді, шетел мамандары тапқан межеден кен мөлшерін алпыс есе асырды. Тағы бес жыл өтті. Жігіт жер ортасы жасқа қарай басты. Емдеп кеткен еңбегінің 15 жылға толған шағы еді. Жезқазған жаһанға мәлім ат алды.

Қаныш жалғыз жезді зерттеп келген жоқ, сол 15 жыл ішінде Арқаның Жезқазған, Қарсақбай атты атырабында талай да талай басқа қазына да ашты. Сол елкеден Байқоңырдай, Қияқтыдай көмірді өзі тапты. Еспедей, елеусіз жерден есілген тағы талай қазына ошағын тапты. Қалың қатпар қорғасын мен күміс тапты. Болар заводқа мол қор болардай қара темір, марганец кенін ашты. Үй, дүкен салар тасты, топырақты заттың асылын, тағы талай бүйым тапты. Мыс қорытқанда қоспа боп, себі тиетін тағы бірнеше қосымша кен затын тапты. Алтын мен молибден де бұғып қалған жоқ. Оны да ашты.

1940 жылы Отаны ер еңбегін бағалап, Қанышқа Одақтың ең жоғарғы сыйы - Ленин орденін берді. 1942 жылы бүкіл Отандағы білгіштердің ғылымдық табыстарын бағалаған қорытынды болып еді. Сонда «Жезқазғанның мыс кендері» деген кітабы үшін Қанышқа мемлекеттік сыйлық бұйырылып, лауреат атағы берілді. 1943 жылы Совет Одағының зор ғылым ордасы -  Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі деген үлкен ғылымды атақ тағы алды.

Бұл жылдарда Қаныш Алматыға ауысқан еді. Көп тәжірибелі ғалым, мойымас қажыр, қайрат иесі, басшы қызметкер Қаныштың ендігі еңбегі өзінің сүйікті республикасының партия, үкімет басшылығы оны Алматыға ауыстырғанда, Бүкілодақтық Академияның Қазақстандық филиалына бастық етті. Сонымен қатар геология институтының директоры болып істеп тұрды.

4

Қазақ халқының абыройын асырып, совет елінің мақтаны болған асыл азамат Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жаңа орынға келісімен Қазақстан жеріндегі кен байлықтарының бәрін зерттеп, табысқа табыс жалғап, молайтумен болды. Әсіресе, ел-жұрттың жауыз-дұшпаны — неміс басқыншыларымен болған Ұлы Отан соғысы шағында, Қаныш бастаған ғылым орындарының көмегі аса зор болды. Майданға керек болған кен қазынаның бәрін тез тапкызып, мол алғызып отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

С.Бәйішев

АБЗАЛ АДАМ, ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ

Ел, халық тарихында өшпес із қалдырған, ацыз ре-тінде айтылып жүретін, ұрпақтан ұрпаққа тарайтын, өмірге бейне-бір үлгі-өнеге болатын абзал адамдар болған және бұдан былай да бола бермек. Бұлардын, ортасында жүріп замандасы болған, талай тамаша іс-терін көзімен көріп, құлағымен естіген әрбір адал жан оларды әрқашан зор мақтаныш сезіммен айтып жүреді, жас ұрпақ  алдына үлгі етіп тартып отырады.

Мұның өзі, әрине, әбден табиғи нәрсе, адам атаулыға біткен көп жақсы қасиеттердің бірі. Мұның нәтижесінде еліне, халкына жан-тәнімен адал қызмет атқарған адам өлгеннен кейін де ғасырлар бойы ел тарихында, халық санасында сақталып жүреді. Осындай адамдардың бірі — қазақ халқының адал ұлы, білім-паз уәкілі академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еді.

Өзінен бұрын да, өз тұсында да кездескен осындай ардақты адамдардың орны мен еңбегін бағалай келіп, қазақ халқының алып ақыны Абай кезінде былай деген екен:

Өлді   деуге   сыя   ма,   ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын   артында   сөз   қалдырған.

 

2

Ал қазақ халқының қазіргі аса дарынды ақыны Ә. Тәжібаев жасы кіші болғанымен академик Қ. Сәтбаевпен замандас болған, өмірлік ісін көрген, ұстаздық сөздерін өз құлағымен естіп, токыған адам, сол себептен де ол өзінің «Монологтар» деп аталатын поэмасында Қ. Сәтбаев аузынан шыққан бейнебір өсиеттік мәні бар сөздерді былайша шебер жырлайды:

Қадірлеңдер   әр   сағатын   уақыттың,
Әр сағатты бір өмір деп караңдар.
Кадірлендер, бір-біріцді, аяндар,
Бір-біріңді   бауырым   деп   санандар.
Ауырмасын   ауыр   сөзден   жүректер,
Көңілдердің көркі сола калмасын.
Қуанышқа   мұздай   тамшы   тамбасып,
Күлкілерге күйік таңба салмасын.

Академик Қаныш Сәтбаевпен замандас та, көп жылдар бойы қоян-қолтық істес болғандардың қатарында өзім де болып едім. Сондықтан Каныш Сәтбаев жайындағы көрген-білгендерімді, онымен жақын істес болған шағымда, естігендерімді — өз аузынан шыққан талай тамаша терең ой-пікірлерді, ұстаздык сөздерді ортаға салуды, жас ұрпаққа арнап тартуды өзімнің азаматтық борышым деп есептедім.

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

Ә.Бектұров

ЖАРҚЫН ДА СҮЙКІМДІ БЕЙНЕ

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев ғылымның аса көрнекті ұйымдастырушысы, белсенді мемлекет және қоғам қайраткері еді. Ол республикамызда ғылымның барлык саласын қалыптастыру мен дамытуда терең із калдырды. Қазақстанда химия ғылымы мен химия өнеркәсібін ұйымдастыруға көп күш-жігер жұмсады.

Ой-өрісі кең, ғылым мен техниканың әр түрлі саласынан ғұлама білімі бар Қаныш Имантайұлы бұлардағы жаңа келелі бағыттарды тез айқындап, ғалымдар мен өндірісшілер коллективінің күш-жігерін өмір мен ғылым дамуының барысы ұсынған ірі міндеттерді шешуге жұмылдыра білді, республика мен еліміз үкіметі мен жоспарлау органдарының алдына Қазақстан ғылымы мен халық шаруашылығының түбегейлі проблемаларын қоя білді.

Республика шикізат ресурстарының асқан білгірі (бұларды барлау оның тікелей басшылығымен және қатысуымен жүргізілген болатын) Қаныш Имантайұлы қажетті шикізатты өте-мөте зәрулік сезілген жерлерден табу үшін не керектің бәрін істеді.

Қаныш Имантайұлы білікті маман және тәжірибелі кадрларды қатыстыра отырып,

2

ғылыми проблемаларды комплексті түрде талдап шешуге зор маңыз берді.

Ол басқарған Қазақстан Ғылым академиясы осы принципке құрылғанды. Мәселен, аса ірі, минералдық ресурстар бөлімшесіне ең бай пайдалы қазбаларды іздестіру, өндіру мен өңдеу мәселелерін шешумен айналысатын бірқатар институттар кірді. Сондай-ақ мұнда энергетикалық өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық кәсіпорындарының проблемаларын талдап шешетін Энергетика институты бар еді.

Қаныш Имантайұлының инициативасы бойынша және оньщ басшылығымен республиканың ірі-ірі өнеркәсіп аудандарында Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі ғылыми сессиялары жиі ұйымдастырылып тұрды, бұларға көрнекті ғалымдар, республикамызбен бүкіл еліміз халық шаруашылығының әр түрлі салаларының өндірісшілері мен басшы қызметкерлері кең қатыстырылды. Бұл сессиялар Үлкен Алтайдың (1947 жыл), Батыс Қазақстанның (1949 жыл), Орталық Казақстанның (1949 және 1958 жылдар), республиканың тағы басқа аудандарының өндіргіш күштерін зерттеуге және комплексті игеруге арналды. Сессияларда химия өнеркәсібін дамыту үшін шикізат, энергетикалық және су ресурстарын зерттеуге айрықша зор көңіл бөлінді. Сессиялардың материалдарын кейін директивалық органдар халық шаруашылығын өркендетудін алдағы ондаған жылдарға лайықталған перспективалық жоспарларын жасау тұсында пайдаланды.

Қазақ ССР Ғылым академиясының Үлкен Алтайдың өндіргіш күштерін зерттеуге және игеруге арналған, 1947 жылы июльде өткізілген сессиясында жасаған өзінің баяндамасында

3

Қаныш Имантайұлы бұл ауданның әр түрлі химиялық шикізатқа бай екенін ерекше атап көрсетті... Қазақ ССР Ғылым академиясының Гурьевте болған көшпелі сессиясында (1949 жылғы январь) Батыс Қазақстанда әр түрлі минералдық тұздардың коры ұшан-теңіз екені айтылды. Сол сияқты Батыс Қазақстанда фосфориттің, хромиттің, әктің және басқа химиялық шикізаттың бай көздері барланды. Міне, мұның бәрі Батыс Қазақстанда химия өнеркәсібін жан-жақты өркендету үшін колайлы алғы шарттар жасайды. Мұнда ең алдымен Қазақстан мен Орта Азия республикаларының ауыл шаруашылығы үшін минералдық тыңайтқыштар өндіруді ұйымдастыруға болатын еді. Бүл сессияда Батыс Қазақстанда мұнай өңдеу газдарын пайдалану негізінде органикалық синтез өнеркәсібін өркендету қажеттігі атап көрсетілді. Сессияда сөйлеген өзінің кіріспе сөзінде Қаныш Имантайұлы Манқыстау түбегінің сан алуан, әрі бай минералдық ресурстарын, атап айтқанда мұнай қорын зерттеу қажеттігі туралы мәселе қойды.

Орталық Қазақстанның өндіргіш күштерін зерттеуге арналған Қазақ ССР Ғылым академиясының көшпелі сессияларында Қаныш Имантайүұлы Орталық Қазақстанда, ең алдымен Қарағанды металлургия заводының коксхимия цехтарының және Павлодардағы мұнай өңдеу заводының, түсті металлургия заводтарының қосалқы өнімдері негізінде ірі химия өнеркәсібін ұйымдастыру үшін зор мүмкіндіктер бар екенін атап көрсетті.

1958 жылғы сессияда Қаныш Имантайұлы «Орталық Қазақстан республикамыз бен елімізде синтетикалық материалдар мен химия өнеркәсібінің басқа да түрлерін өндіру жөнінде жетекші аудандардың бірі бола алады»,— деді.

4

Бұл ауданда негізгі органикалық синтез өнеркәсібін, оның ішінде пластмасса мен жасанды талшық өнеркәсібін кұрудың базасы — Қарағанды синтетикалық каучук заводының қалдықтары, сондай-ақ жергілікті шикізатпен жұмыс істейтін Қарағанды металлургия заводының коксхимия цехынын газдары мен сұйық өнімдері.

Қаныш Имантайұлы орталык және республикалық баспасөзде бірқатар маңызды ұсыныстармен, атап айтқанда: Ақтөбе химия комбинаты мен Гурьев мұнай өндеу заводын жергілікті шикізат базасьша көшіру туралы; коксхимия және пластық метан негізінде жоғары сапалы жүн мата мен жібек мата алу үшін қажетті синтетикалық талшықтың — нитронның ірі ендірісін ұйымдастыру туралы; негізгі органикалық синтез мақсаттары үшін Батыс Қазақстанның табиғи және ілеспе газын пайдалану туралы; Ақтөбе хромит кеніштері негізінде республикада ірі хромит өндірісін құру туралы мақалалар жазды.

1963 жылғы 9 октябрьде Алматыда өткізілген химия өнеркәсібі қызметкерлерінің республикалық кеңесінде Қаныш Имантайұлы Қазақстанда химияны дамыту жөнінде көптеген маңызды мәселе көтерді. Ол Қазақстан СССР халық шаруашылығын химияландыру ісіне елеулі үлес қоса алады деп атап керсетті, өйткені республикада геологтардың еңбегі арқылы химиялық минералдық шикізаттың барлық түрлерінің: мұнайдың, газдың, жанар сланецтің, көмірдің, фосфориттің, калий, магнезиал, ас және басқа тұздардың, хромиттің, бариттің, күкірттің т. т., орасан мол қоры анықталды... Қаныш Имантайұлы еліміздегі ең ірі Қаратау фосфорит бассейнің кең пайдалануды ұсынды.

5

Қ. И. Сәтбаев ғылыми зерттеулердің нәтижелерін практика жүзінде қолдануға, атап айтқанда ауыл шаруашылық химиясы саласында қолдануға зор көңіл бөлді.

Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын (ең алдымен тың жерлерде) арттыруға ерекше маңыз бере отырып, ол таяу жылдардың ішінде ауыл шаруашылығын арзан фосфор тыңайтқышымен қамтамасыз ету қажеттігін еске салды.

Жаратылыстану ғылымдарының ішінде химияның жетекші рөлін, сондайақ оның орасан зор халықшаруашылықтық маңызын бағалай келіп, Қаныш Имантайұлы Қазақстанда химия ғылымын дамытуға, химик кадрлар даярлау мен тәрбиелеуге баса назар аударды. Мәселен, оның инициативасы бойынша Қазак ССР Ғылым академиясы жуйесінде республиканың барлық негізгі өнеркәсіп аудандарында химиялық ғылыми мекемелер желісі құрылды. 1946 жылы Алматыда химия ғылымдары институты, 1958 жылы Орталық Қазақстанда — Қарағанды химия-металлургия институты, 1959 жылы Батыс Қазақстанда Гурьевмұнай және табиғи тұз химиясы институты ашылды, сол жылы Оңтүстік Қазақстанда — химия ғылымдары институтының Шымкент бөлімшесі және Орталық Қазақстанда — Қарағанды институтының Теміртау бөлімшесі ұйымдастырылды. Қаныш Имантайұлы бұл ғылыми мекемелердің ең жаңа құрал-жабдықтармен материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылуына, олардың жұмыс алаңдарымен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлді. Осы барлық мекемелерінің негізгі міндеті республика химия шикізатының аса бай қорын өңдеудің тиімді әдістерін талдап шешу болды...

6

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев тамаша өмір сүрді, оны бүтіндей халыққа, республикамыз бен еліміздің ғылымы мен мәдениетіне бағыттады. Қаныш Имантайұлының ғаламат еңбегі босқа кеткен жоқ, қайта әр уақыт жемісті болды.

Оның шабытының өнегесі мен қайнар көзі — коммунизм орнатып жаткан совет халқының қаһармандық кимылы, оған партия мен үкімет көрсеткен қалтқысыз камқорлық.

Қаныш Имантайұлының жарқын да сүйкімді бейнесі еш уақытта біздің жадымыздан кетпейді, қайта жүрегімізде мәңгі сақталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

Е.Букетов

СӨНБЕС ЖҰЛДЫЗ

Өмірі мен ісі халықтың өнегелі қазынасына айналған адамдардың тіршілігі мен іс-әрекеті жөнінде жазудың өзі тіпті қиын. Ол ма, кейде тіпті қауіпті ме деп те ойлайсың. Өйткені адал ізгі ниеттен ешбір ауытқымай жазып отырғанның езінде шындықтан алшақ кетіп қалу оп-оңай.

Үлкен адамдардан қалған рухани мұраға жеңіл-желпі қараушылықтың өзі жақсылыққа апармақ емес. Өмірі халыққа өнеге болған қайраткерлердің тұңғиық терең ойын, серпінді шабытын, кең мейірімін өзінің шалшықтай тайыз ойына, құлаштауға келмейтін шабыт серпініне, таяз мейіріміне сыйғызам деп әлек болған жазғыштардың қаламынан шындыққа сыйыспайтын талай жазбалар шығатынын көпшілік біледі. Сонда да игілікті ісімен халықтың есінде қалған адамдар туралы біз жазуға тиістіміз. Өйткені үлкен адамдар туралы жазу дегеніміз олардың өмір тарихын зерттеу болып табылады. Олардың игілікті істерін, тіршіліктегі ғибратын кейінгі буындар тек ойланып, жіті зерттесе ғана іске асырып, бойына сіңіріп, өз игілігіне пайдалана алмақ. Өнегелі адамдардың өмір тарихында өз кезіндегі тіршілік жетістері тәжірибесі жинақталған. Бұл тәжірибені мейлінше пайдаланбайынша халықтар алға қойған мақсатына жету жолында ойдағыдай жедел ілгерілей алмас еді.

2

Октябрь революциясынан кейін қалың бұқара ғылым арнасына ұмтылуының арқасында халқымыздың өмір-тіршілігіне шұғыл өзгерістер енді. Бұл шұғыл өзгерістер, әрине, бәріміздің де дүниелік кез қарасымызда: дәстүрімізде, бағытымызда атам-заманнан орын алған кейбір ерекшеліктерге, психологиямызда қалыптасқан қасиеттерге қайшы келіп, қиыншылыққа соққызбай еткен жоқ. Оған мысал ретінде Октябрь революциясы туғызған жағдайдың нәтижесінде ой мен зейін қызметінің нәрін татып, бір сусындап алған осы кездегі жас жігіті алайық та және де мұндай зейінге байланысты қызметтің өзгешелігінен хабары аз оның айналасындағы жақындарын, туыстарын алайықшы.

Міне, осы жағдайда сол жігіт өз тағдырын қалай шешпекші?! Өзінің сүйікті әрекетіне қалай кіріспекші? Айналасындағы қарама-қарсы кедергілерді қалай жеңбекші? Оның үстіне ғылым салаларын өрбітуге арналған жердің өзінде бұрын мардымды ештеңе болмағанын да ескеру керек қой. Міне, осы жағдайда біздің халқымыздың ескіден келе жатқан табандылығы, жаңаға, ақиқатқа деген ұмтылысы сол бір ардагер ұлдарының іс-әрекеті арқылы білінуге тиісті еді ғой.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмірі мен іс-әрекеттерін топшылаған кезде, міне, осындай ойлар келеді. Өйткені бұл кісінің өмір тарихы кеше ғана құлазыған даламызда ғылымның өніп-өрбуі, дамып қалыптасуы арқылы, сол ғылымның жемістерін халық игілігіне пайдаланып, ғылымды қоғамның өндіргіш күшіне айналдыру ережесін іске асыру жөніндегі белсенді іс-әрекеттері, сансыз ойшылдық бастамалары бірден-бір өнегелі тәжірибе емес пе... «Мен қиыр далада, көшпелі қазақ үйінде тудым». Академиктің қол жазба қорынан оның балалық шағы туралы деректер іздестіргенімізде

3

тапқанымыз жалғыз-ақ осы бір сөйлем. Академик өзі туралы айтуға, жазуға тура келгенде, сөзге тым-ақ сараң болса керек.

Ол кезде, көшпелі тұрмыста адамның тууы мен некеленуі сияқты азаматтық әрекеттерді қағазға түсіріп отыратын мекемелер болмаған ғой. Бірақта біз ғалымның туған күнін осы кезде дәл білеміз. Бұл үшін болашақ академиктің әкесінің ықтияттылығына ырзашылығымызды білдіруіміз керек. Баласының туған күнін ол кісі үйдегі құранның мұқабасының ішкі жағына жазып қоюды ретті деп тауыпты. Сол жазба былай деп оқылады. «Доңыз жылында, яки, жаңа, есеппен 1899 десек, наурыз айында, яки, марттың 31 жұлдызында жаппар жаратушы Имантай деген құлына ұл берді. Нәрестенің есімін Ғабдұл-Ғани деп қойдық».


 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

М.Ғабдуллин

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАҚТАНЫШЫ

Партиямыз бен Совет үкіметі шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында халқы үшін адал ниетімен қызмет істей алатын ұлт кадрларын тәрбиелеп өсірді. Олар қазақ халқының экономикасы мен мәдениетін дамытын, алға бастыруда аса тамаша, зор мақтаныш сезіммен айтарлықтай еңбектер істеп отыр.

Біздің партиямыз тәрбиелеп өсірген адамның бірі, халқымыздың мақтанышы, тұңғыш академигіміз — Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.

Қаныш өзінің барлық саналы өмірін қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің, ғылымының өркендеп өсуіне арнап, осы жолда аса тамаша тарихи мәні бар істер жасады. Сондықтан, оны қазақ халқы өзінің мақтанышы деп біледі.

Қазақ халқының Шоқан, Ыбырай, Абайлар арқылы айтылған өткендегі арман ойының советтік дәуірде жүзеге асуы жөнінде ерлік істер жасаған адамның бірі — Қаныш Сәтбаев. Ол өзінен бұрынғы Шоқан, Ыбырай, Абай секілді дана адамдардың өсиетін еске ала отырып, халық мүддесін іске асыруды ойлап, орыстың ғылымын үйренуге, сол арқылы халқына шат өмірдің нұрын шашуға бел байлады. Бұл үшін ол орыс мектебіне түсіп оқиды.

2

Тұла бойын талант кернеген, жүрегін халыққа қызмет ету ардақты міндет деген сезім билеген Қаныш орысша оқып, білім алады, болашағына көз жібереді. Халқына қызмет ету үшін білім керектігін сезген Қаныш 1921 жылы Томск қаласындағы технология институтына оқуға түседі де оны 1926 жылы бітіріп шығады.

Жоғары дәрежелі білім алған жас инженер барлық ынта-жігерін, күш-қуатын, білімін халыққа қызмет етуге арнайды.

«Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге Кетігін тап та бар қалан» —

деп, Абай айтқандай жас инженер Қаныш жоғары оқуды бітіргеннен кейін халқы үшін қызмет етуге кіріседі.

Ұлы Отан соғысы кезінде СССР Ғылым академиясының

Қаныш бастаған Қазақстандық филиалы, оның ғалымдары барлық күш-қуатын совет халқының қас дұшпаны — неміс басқыншыларын талқандап жеңу ісіне жұмсайды. Соғыс жағдайының ауыртпалығына қарамастан, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстары дамып өркендей береді. Ғылыми қызметкерлер Қазақстанда зерттеу жұмысын күшейте отырып, жаңадан әлде нешелеген кен байлықтарын ашады. Ол еліміздің күш-қуатын, экономикасын өркендетуге, сөйтіп, жауды талқандау ісіне жәрдемдеседі.

Соғыстан кейінгі жылдары ғылымның табыстарын халық

3

шаруашылығын қайта қалпына келтіру және оны өркендете беру ісіне Қаныш көптеген еңбек сіңіреді, оған басшылық етеді.

Мұнымен қатар Қазақстан компартиясы Орталық комитеті мен Қазақ ССР үкіметінің республикада ғылымды дамыта беру жөнінде күнбе-күн көрсеткен басшылық жәрдемімен Қаныш СССР Ғылым академиясының Қазақстандық филиалын өз алдына жеке Ғылым академиясына айналдыруға күш салады, соған дайындық жүргізеді.

Ұлы Октябрь Социалистік революциясына дейін өмірі қараңғылық пен қапаста, надандық пен езілуде өткен қазақ халқы советтік дәуірде ұлы орыс халқының көмегімен Ленин партиясының басшылығы арқасында Ғылым академиясын құрды. Бұл қазақ халқының тарихында аса саяси мәні бар факты. Өткен ғасырда:

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім,

Ержеткен соң туспеді уысыма Қолымды мезгілінен кеш сермедім»,—

деп Абай қатты өкінген еді. Ол кезде Абайдың ғылымға жету турасында айтқаны тек арман, қиял ғана. Оның ол кезде іске асуына ешқандай мүмкіндік жоқ еді. Міне, халық атынан Абай аңсаған ғылым совет дәуірінде салтанат құрып отыр. Қазақтың мыңдаған жас ғалымдары Қазақстанда құрылған ғылым штабының өркендеп өсе беруіне, өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оның қалыптасуына күш салып, ғылымның табыстарын Отанымыздың экономикасы мен мәдениетін көруге жұмсап келеді.

4

Бұл жөнінде бізге ағалық қамқорлық жасап, жол-жоба, үлгі-өнеге беріп отырған — ұлы орыс халқының даңқты ғалымдары.

Қазақстанда Ғылым академиясының құрылуына, ғылым кадрларының өсіп, ер жетуіне, оларды тәрбиелеп өсіруге көмектескен де солар.

Қаныш қазақ халқының тарихын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуде де айта қаларлықтай көп еңбек сіңірді. Қазір жарыққа шыққан «Қазақ ССР тарихы», қазақ әдебиетінің, көркемөнерінің тарихы жазылу ісіне ол белсене қатысты. Жұртқа мәлім, Ұлы Отан соғысына дейін қазақ халқының, оның әдебиеті мен мәдениетінің тарихын жазу ісі бастауыш және орта мектептерге арналған оқу-құралдарының көлемінде және жеке авторлардың ісі болып келді. Ал, Қаныш бұл іске ғылыми мән беріп, «Қазақ ССР тарихын», қазақ халқының әдебиеті мен көркем өнерінің тарихын жазу ісіне ғалымдар коллективін ұйымдастыруға басшылық етті. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін Қазақ ССР Ғылым академиясынан Тарих, Тіл және әдебиет институттары құрылды. Бұлардағы ғалымдар қазақ халқының және оның әдебиеті мен мәдениетінің тарихын молынан зерттеуде көптеген еңбектер істеп отыр.

Қаныш өзінің барлық ынта-жігерін, білімін Советтік Отанымызды көркейте беру ісіне, халқымыздың игілігіне жұмсады.

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

Ы.Жақаев

АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

Адам өмірге келеді, зейнет іздейді, бақыт табады. Дүниенің шалқар теңізін өктем адыммен кешіп өтпестен тұтқиылдан соққан асау толқын жаңқа секілді жағаға лақтырып тастайды. Сондықтан әрдайым бекем, әрдайым берік болуың керек. Өмір сенің еркелігіңді көтермейді. Әр адамның өмірлік мұраты, мақсаты болуы тиіс. Өзіне жүктелген міндетті дұрыс ұғыну қиын нәрсе, ал оны қалтқысыз атқару — одан да қиын. Сол себепті де әркім дүниеге ашық та ойлы көзбен қарауға, езінің адамдық парызын жете түсінуге міндетті. Бұлай болмайынша негізгі мақсатқа жету мүмкін емес.

Мен самолетте осылай ойладым.

...Ой көп, істелетін іс одан да көп. Бір күн карын тойса, қырық күн аш болғанын естен шығаратын небір кержалқау диқанды керген едім. Бүгінін емес, ертеңін, ертеңін емес, екі жылын күн ілгері ойламаған диқан — диқан емес.

Менің осы сапарымның өзі болашақ қамы. Отанымыздың жүрегі — Москваға бара жатсам да, менің бар зейінім, ықыласойым өз аулымда, өз жерімде қалды. Москваға мені ұлы мақсат әкеле жатыр. Мен сүйікті партиямның жиырма үшінші съезіне келе жатырмын.

2

Менің бұл сапарым — болашақка сапар. Өйткені, партия тек болашаққа бастайды.

— Ыбеке, сіз дәл осы отырғанда болащақ жайлы ойлап отырсыз.

Мен селк еттім. Бұл көршім — қазақтың аяулы ұлдарының бірі академик Қаныш Сәтбаев еді, ол Алматыда самолетке отырарда әлдекімдермев келісіп, мені өз қасына отырғызып алған.

— Ыбеке, көрші болайық. Сөйлесейік. Әңгіме айтыңыз,— деп қолқа салды ол.

— Сөйлей  білген  жақсы, тыңдай  білген  одан да жақсы,— дедім мен сәл қалжыңға шаптырып.

— Әрине,— деді Қаныш қарқылдап күліп,— «Жақсынын,  сөзінен — тас  балқиды,  жаманкың сөзінен — бас қаңғиды» деген. Сіз әнгіме айтсаңыз, тыңдауға ерінетіндер табыла қоймас.

Егер мен сол бір жақсы інімнің көп ұзамай көз жұматынын білген болсам, айналайын қалқаммен мауқымды басып құшақтасып, көңілде жүрген ойларды ағын судай ақтармас па едім. Жазық маңдайынан құшырлана иіскеп, жан баламдай бақыл айтпас па едім. Әттең, әттең!..

Жазылған сөз сақталады, айтылған сөз ұмытылады демекші, Қаныш інімнің еліне, жеріне арнаған талай еңбегі артында қалды. Оның маған қоштаса тұрып айтқаны:

— Күзден қорқ — соңынан қыс келедд, кыстан  қорқпа — соңынан кектем келеді,— деген сөзі әлі   құлағымда, әлі жадымда.

3

Қанышпен бірге Москвада он күндей болдым. Көп сөз айтылды, кеп сөз айтылмай қалды...

— Москва!—деген қуанышты дауыс  мені селт егкізді.

— Ыбеке, Москва!—деді Қаныш.

Сөйтті де, көйлегінің сәл ағытулы түймелерін қайтадан сала бастады.

Қимылдары сабырлы, көздері жіті. Салалы саусақтары да үлкен сабыр иесі екенін сездіріп түр. Екі иығын қомдаған кезде, тұғыр үстінде отырып, шыдамсыздана шаңқ еткен қыран бүркітті көз алдыма келтірді.

— Ыбеке, мен әділдікті де осы қаладан таптым, ақылдың кені болған ұлы адамдарды да осы қаладан көрдім,— деген еді ол.

Мен де көп игілікті жақсы нәрселерді осы шаһарда көрдім...

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

О. Жәутіков

ҒЫЛЫМ ШЫҢЫНДА

Қазақ ССР Ғылым академиясынын, ұйымдастырылуы республика физика-математика ғылымыи дамытудағы маңызды кезең болды. Оған дейінгі СССР Ғылым академиясьіның Қазақ филиалы, Қазақ, мемлекеттік университеті, Қазақ кеңметаллургия институты (қазіргі В. И. Ленин атындағы Қазақ политехника институты), Абай атындағы Қазақ педагогика. институты және басқа жоғары оқу орындары шын мәнінде Академияның ірге тасын қалап еді.

Жаңадан ұйымдастырылған Академия үшін ғылыми кадрлар ең алдымен республиканың жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, сондай-ақ өндіріс мамандары арасынан іріктелін алынды.

Қазақ ССР Ғылым академиясының есеюі кезеңінде физика-техникалық институт құрамьшда физика-математикалық бағыттағы мекеме, астрофизика инсхитутын және математика мен механика секторын құру идеясы мен практикалық мүмкіндігі пайда болдьь. Қ. И. Сәтбаевтың инициативасымен бұл мүмкіндік шындыққа айналды — Астрофизикалық институт, физика-техникалық институт, (ол кейін ядролық физика институтына айналды), математика және механика секторы құрылды, соңғысы математика және механика инстит.утын ұйымдастыру үшін негіз жасады.

2

Физика-математика бағытындағы институттар ұйымдастырылуының кейбір тарихи жағдайлары, міне, осындай. Қаныш Имантайұлы математика, физика, механика және астрофизика сияқты іргелі ғылымдарды дамытуға әрқашан зор маңыз беріп отырды. «Олар Академияны әрлендіретін іргелі ғылымдар» дегенді жиі айтушы еді.

Мен Қаныш Имантайұлымен 1945 жылғы 5 февраль кұні таныстым. Бұл соғыстың ауыр жылы болатын. Қаныш Имантайұлы телефон арқылы мені (ол кезде Абай атындағы Қазақ педагогика институтында жоғары математика кафедрасының меңгерушісі болып істейтінмін) езіне шақырып алып, былай деді: «...1944 жылы Қазақстан Қомпартиясының Орталық Қомитеті мен үкіметі Қазак ССР І ылым академиясын үйымдастыруға әзірлік жасау шаралары туралы және СССР Ғылым академиясы Қазак филиалының жаңа құрылымы мен штаттары туралы қаулы шығарды. Ол филиал қүрамында 15 институт пен 7 сектор қүруды көздеп отыр. Біз математика және механика секторын күру туралы ұсыныс жасадық. Таяу уақытта мен филиал ғалымдарының бір тобымен құрылым мен штатты бекіту үшін, сондай-ақ Қазақ ССР Ғылым академиясын 1946 жылы ашу туралы мәселені келісу үшін Москваға барамын. Бізбен бірге барсаңыз қайтеді?»

Мен сектор жүзеге асыратын проблемалар мен тақырыптарды анықтауға тиіс болдым. Сонымен бірге жаңадан ашылмақ физика-техникалық институт, математика және механика секторы үшін физика-математика ғылымдары бойынша ғылыми кадрлар даярлаудың жолдары мен тәсілдерін карастыру керек болды.

Москвада біз СССР Ғылым академиясы В. А. Стек лов атындағы

3

Математика институтының директоры, академик И. М. Виноградовпен, Ленинградта академик В.    И. Смирновпен математика және механика секторын ұйымдастыруға, Қазақ ССР Ғылым академиясы үшін математика және механика саласында ғылыми кадрлар даярлауға байланысты бірқатар мәселелерді ақылдастық. Академиктер И. М. Виноградов, В. И. Смирнов және басқа ғалымдар Қазақ ССР Ғылым академиясы жанынан физика-математика ңиклының ғылыми мекемелері құрылуын қызу қуаттап, ғылыми кадрлар даярлауда жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

Қазақ филиалының құрылымы мен штаттары бекітіліп, 1945 жылдың 1 мартында математика және механика секторы ұйымдастырылды, айта кету керек, 1965 жылы соның негізінде математика және механика институты құрылды.

Сектор ұйымдастырылғаннан кейін Қаныш Имантайұлы бірде менен математика және механика секторының меңгерушісі кім болатынын сұрады. Мен тап сол жерде профессор Қ. П. Персидскийдің кандидатурасын үсындым. Ол кезде Қ. П. Персидский Томск қаласында болатын. Мәселе мен үсынғандай шешіліп, Қ. П. Персидский Қазақ ССР Ғылым академиясы математика және механика секторының меңгерушісі болып тағайындалды.

1951 жылы Академияның сайлауы өткізілді. К. И. Персидский Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі және физика-математика бөлімінің академик-председателі болып сайланды. Математика және механика секторының меңгерушілігін ол маған өткізді. Математика және механика секторының баспасөз органын құру үшін математика шрифтері қажет, ол кезде «Наука» баспасында олар жоқ еді.

4

Қаныш Имантайұлы математика шрифтерін іздестіруді маған тапсырды. Біз Қазақстан мен Ленинградтың әр түрлі баспа орындарынан математика шрифтерін жинастырып, 1947 жылы өзіміздің Математика және механика сериямыз бойынша Қазақ ССР Ғылым академиясы «Хабаршысының» бірінші санын шығардық.

Қаныш Имантайұлы есептеу математикасы мен оның халық шаруашылығындық маңызы бар міндеттерді шешуге пайдаланылуына әрқашан назар аударып отыратын. Оның нұсқауы бойынша есептеу математикасының дербес секторы ұйымдастырылды, ол кейін математика және механика институтына қосылып кетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

А.Жұбанов

ӨНЕР ҚАМҚОРЫ

Күні кеше алдымызда асқар таудай болып отырған ағамыз — Қанышекең туралы естелік жазамыз деген кімнің ойында бар. Қай уақытта барсаң да есігі ашық, бейілі кең, қырағы ойы үнемі алдағыны болжап отыратын, сенің барып отырған жұмысыңның шамасын байқап отыратын. «Анау олай депті, мынау бұлай депті» дейтін әңгімелерді иттің етінен жек көретін. Сондықтан Академия ішіндегі жұрт Қанышекеңнің басын ондай әңгімелермен ауыртпауға тырысатын. Қанышекеңнің барлық сыр-сипатын, тіпті сыртқы көрінісінің өзін, оның қашан көрсеңде жүзінен өміршеңдік кейіп көрініп тұратынын суреттеу үшін біз сияқтылардың  шамасы жетпейді. Ол үшін кешегі Мұкаң сияқты әдебиеттің нары керек.

Отызыншы жылдардың басында-ақ біз Қанышекеңнің атын есіте бастадық. Бері келе оның Геология ғылымының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болғаны жалпы халықты аса қуантты. Жүзін көрмегенмен, оның үлкен білімпаз күшті инженер екендігін естіп жүрдік. Оның атының Жезқазғанмен байланысты екенін біз сияқты техникалық ғылымдардан алшақ жүрген адамдар да білетін. Қанышекеңнін, жүмыс нәтижелері социализм кұрып жатқан халыққа ұлы игілікті жарна екені де білінген. Кейде ол кісінің мақаласын оқып қалғанда, «әттең, өзін көрсек!» деген ой келе беретін.

2

Бейбіт өмір құрып, үлкен-кіші демей еңбекке, енерге, ғылымға жұмылып жатқанда, кенет өмірдің дауылы соқты. 1941 жылдың июнь айында Отан соғысы басталды. Ұлы Ленин партиясы тәрбиелеп, баулыған совет халқы, сол бейбіт күндердегі ауыз бірлікті, ынтымақты, еңбексүйгіштікті бұрынғыдан бірнеше есе арттырды. Майданда жауынгерлер гвардиясы, тылда еңбеккерлер армиясы күнтүн демей қанқүйлы жауды жеңуге бар күшін салды. Алматы алыста болғанымен, соғыстын, зардабы үнемі білініп тұрды. Совет халқы өндіріс, ауыл шаруашылығымен қатар ғылымын, мәдениетін, өнерін ілгері өрбіте берді. Театрлар, концерт орындары өздерінің ежелгі алдарына қойылған міндеттерін атқаруда болды. Киностудия өзінін. негізгі міндеті — фильмдер жасауды бір мезгіл де тоқтатқан жоқ. Мектептерде сабақ жүріп жатты. Ғылым мекемелерінде негізгі лабораториялық жабдықтаулар бұрынғыдай болмағанымен, іздену екпіні ешбір бәсеңдемеді. Тек бұрынғыдай қаланың көшелерінде машиналар зырылдап, сапырлысқан қозғалыстардың көрінбегені болмаса, жалпы еңбек, жұмыс тынысы, сырттай қараған кісіге, болып жатқан оқиғаның салқыны жоқтай болып көрінді.

Ұмытпасам, 1942 жылдың басында киностудияда бір мәжіліс болып, сонда бірінші рет Қанышекеңді көрдім. Ол кезде Қанышекең СССР Ғылым академиясының Алматыдағы филиалының председателі. Мәжілісте киноның, театр, музыка өнерінің үстіміздегі жағдайдағы міндеттері жайлы әңгіме болды. Бәріміз де білгенімізді айтып болғаннан кейін Қанышекең сөйледі. Ол өнердін, түрлі салаларьшың үстіміздегі уақытта қандай роль атқаратынын, мақсатын, халықты рухтан дырудағы оның орнын өте байсалды, ақылды түрде айтып берді. Отырғандардың бәрі де Қанышекеңнің аузына карап қалды.

3

Әсіресе, эвакуация арқылы орталық қалаларымыздан келген үлкен режиссерлар, актерлар Қанышекеннін әрбір сөзін жібермей, әрпін санағандай аңырысты. Ал, біздің өнер айналасындағы, әдетте кітапты көп оқып, көздерінің майын тауыса коймайтын замандастар, Қанышекеңнің бұл салада да аса көп білетінін, әдебиеттен де, өнерден де, айтатын үлкен сөздері бар екенін көріп таңтамашаға батты. Мен ішімнен: «Па, шіркін, келбетің мен ақылың, білімің сай келген екен! Жасай бер, қазақ халқының бақытына!» деумен отырдым. Тап осы бір сәтте ондай ой үстінде болмаған адам аз болар-ау!

Осы бір күннен бастап мен Қанышекеңнін, етегінен ұстауды, соның айналасында жүруді арман еттім. Өйткені адам алға қадам басқысы келсе, өзінен ақылды, өзінен білімді ортаға тырысу керек. Тез өз бойыңдағы барыңды беріп, өзіңнен аз білетін адамдардың мақтауын күнде есіткенмен, ондай «рухани көпшік» бәрі бір сені жоғары көтере алмайды. Ал Қанышекең сияқты  адамның «етегіне жармасу»— үлкен талап, жаңа бір қадам сияқты болып көрінді де тұрды. Біздің бақытымызға Қанышекең филиалдың мәжілістеріне, конференцияларына сессияларына бізді шақырып тұрды. Құрманғазы атындағы оркестр  арқылы мен сахнаға үнемі шығып тұратынмын. Ал сахнадағы адам залда отырғандардың бәрін көре бермейді, залдағылар керісінше, екі көздері сахнада болады. Сондықтан болу керек, Қанышекең танысқанымызда мені білетінін айтты. Ол өнердің адам өмірінде үлкен орны бар екенін айтып, біздің шүйдемізді біраз көтеріп тастаған. Мақтауды тәуір көретін өнер адамдары, үлкен кісінің аузынан ондай сөздер есіткенге тіпті көтеріліп қалдық. Бірақ Қанышекең мақтаумен бірге біздің өнеріміздің іс жүзінде өсіп бара жатқанын, сонымен қатар өнер зерттеу мәселелерінде біздің артта қалып қойғанымызды ескертіп етті. Бізге ұнаған осы бір ағалық

4

қамқоршылығы, ғылымның қай саласы болса да өзінің төл ісіндей көретіні болды. Мәжілістерде, не басқа жағдайларда болсын, енді Қанышекеңмен кездесуді үнемі тілеп тұратын болдым. Қандай болмашы себептер кездессе де, сол кісінің тағы да бір ауыз сезін есту менің болашағымның жолы сияқты болып көріне берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

С. Зиманов

ІРІ ТҰЛҒА ЕДІ

Мінеки, 40 жыл бойы Қазақ ССР Ғылым академиясымен бірге жасап, бірге өсіп келемін. Қанекеңнің президент кезінде, қол астында 13 жыл істедім.

Қазақ халқының үлкенді кіші сыйлайтын әдеті бойынша президентіміз Қаныш Имантайұлын «Қанекең» деп кеттік. Өзіне барғанда да «Қанекең» деп үйренгенбіз. Ол кісінің бір әдеті — үлкенді де, кішіні де езіне жылы тартып «Мәке», «Сәке» деп сөйлейтін. Сол себепті бұл естелігімде «Қаныш ағай» демей «Қанекең» деп алдым.

Оқымыстының бәрі бірдей ғаламат ақыл иесі бола беруі шарт емес, білімінің бәрі бірдей сөз иесі, сөз сырын кадірлейтін, өз ойын кесек-кесек тұжырымдармен баяндай білетін жан бола бермейді. Қанекеңнің бір басында осы қасиеттер мол еді. Көбінесе осы қасиеттеріне байланысты болуы керек, «Қанекең сөйлейді» деген мәжілістерді жібермеуге тырысатынбыз. Қанекеңнің кіріспе, баяндама, қостама сөздерінде, мамандарға керекті біліммен қоса, өмірден алынған, өмірге үйрететін терең сырлар мен үлкен ойлар жататын, оларды жүрекке жайлы, көңілге қонымды, сырлы да қысқа ұғымдар арқылы тыңдаушыларға жеткізе білетін.

1951 жылдың басында право секторының бастығы Т. М. Құлтелеев

2

өзінің Москваға, докторантураға жүруіне байланысты мені уақытша сектор меңгерушісі етіп тағайындау үшін Академия президентінің кабинетіне ертіп барды.

Алдымен өзара сөйлесіп, оған оң сапар, олжалы оралуды тіледі де Қанекең жағдайымды, үй-күйімді, ғылым саласындағы ізденістерімді сұрай келіп, екеумізге бірдей қарап: «Ғалым білімді болу керек, білімдінің бәрі ғалым бола бермейді. Ғалым ерінбей үйренеді де ізденеді. Ғалым білім алады да, білімге білім қосады»,— деді. Қейін Тайыр Молдағалиевич әр кезде Қанекең сезін өсиеті ретінде айтып жүрді. Қарауындағы жас мамандарға ұрысқанда да қолданатын еді.

Право секторының бір ғылыми қызметкерінің келесі мерзімге сайланбай қалу қаупі болды. Осы туралы алдын ала қоғамдық ғылымдарын басқаратын вицепрезидент С. Бәйішевке ескертуді жөн көрдім. Сақаң мені ертіп президентке кірді. Қанекең біздің әлгі қызметкер жөніндегі «ғылыми жұмысқа осалдығы көп» деген пікірімізді тыңдап алды да жарқын жүзімен, күлімсіреп қойып, Сақтаған Бәйішевке қарап: «Сақа, осы бір қора қойдың ішінде семізі де, арығы да, қотыры да болмайтын ба еді, оның арығы семірмей ме, қотыры оңалмай ма?» дегенде айтарға сез таба алмай қалдық. Адамға сену, көмектесу керектігін айтты.

Қанекеңнің әсерлі, мағыналы сөздері кейде афоризмге де айналып кететін.

Қанекең академия президиумының қаулы-қарарларының мүлтіксіз орындалып отыруын талап ететін. Ат үстінен қаулыға кіргізе салған, еш нәрсеге себепкер бола алмайтын сөйлемдерді қатты сынайтын.

3

Кезінде көңіл бөлінбей бүкпе қалған президиум қаулысын сезгенде «Толғауы жетіп айтылған шешім жетім қалмауы керек» деп үйрететін.

Қанекеннің білімділігіне, жан-жақты білгірлігіне баршамыз таңғалатынбыз. Оны сол кездегі үлкен окымыстылардың өздері жыр етіп айтатын. Белгілі металлургия және жер-кең мамандары Қанекеңді бұл салалардан да білімі өте мол да терең деп санайтын. Президиум мәжілістерінде бұған талай рет куә болдық. Кейде Қанекең қорытынды жасағанда мамандардың баяндамасындағы қойылған өзекті мәселелерді шешу жолдарын мүлдем өзгертіп, өзінің логикасы, ғылыми дәлелінің күштілігімен басқа бағытқа аударып жіберетін кездері болып тұратын. Сонда Қанекеңнің сөзін ұйып тыңдап, оқымыстылардың өздері мәселенің бұл жағын неғып ескермегенбіз деп мойындап, дұрысы осы екен деп мақұл алатын.

Техникалық ғылымдар былай тұрсын, қоғамдық ғылымдарды, оның ішінде, әсіресе, қазақ әдебиеті мен фольклоры, тарих, экономика, қазақ тілі салаларында Қанекеңнің мағлұматы мол болатын, бағалы кеңестер беретін, өзіндік қосқан үлестері де жоқ емес еді. Осы пәндерге сүйсіне қарайтын, мол қамқорлығын көрсететін, осы салалардағы табысты ұлт мәдениетіне, совет елі мәдениетіне қосылған үлкен үлес деп танитын. М. Әуезов, А. Жұбанов, С. Бәйішев, Ә. Марғұлан сияқты қоғамдық ғылымдар саласындағы көрнекті оқымыстыларды Қанекең қатты сыйлайтындығы, жоғары бағалайтындығы өне бойы сезілетін.

Академия құрамында право ғылымының алғашқы қадамының сәтті болуына, дамуына да Қанекең тікелей үлес қосты. Олай дейтінім, Қанекең СССР Жоғарғы советі сессиясына барған бір шағында,

4

40-шы жылдардың соңы болса керек, әдейілеп белгілі академиктерге жолығып, Қазақстанда право ғылымын қай бағыттарда дамыту керек деп кеңес сұрағанын, Москва университетінің атақты профессоры, заң ғылымдарының үлкен маманы С. В. Юшковпен де осы мәселелер жөнінде сөйлескенін Алматыға оралғаннан кейін ғылыми мәжілісте баян еткені орта буындағы көптеген юрист-ғалымдарға әйгілі. Қанекеңнің бұл бастамасы Қазақстанда право ғылымының дамуына зор әсер етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

М.В.Келдыш

ТАМАША ГЕОЛОГ ЕДІ

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еліміздегі тамаша гелогтардың санатына енеді. Геология саласындағы аса көрнекті ғалымдардың бірі болып табылады. Ол геоло иялық теорияның дамуына орасан зор үлес қосты және оның зерттеулері еліміздің бай табиғат қорларын, тап айтқанда, Қазақстанның мол табиғат қорларын шуға көмектесті. Ол ұзақ уақыт бойына Қазақ республикасы ғылым академиясынын, президенті болып істеді және онда ірі ғылыми орталық құрды. Ғылымның көптеген салаларын дамытуға жәрдемдесті.

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев біздің еліміздегі барлық ғылымды ұйымдастыруды дамытуда үлкен роль атқарды. Көп жылдар бойына СССР академиясы президиумның мүшесі болды. Оған өмірге деген, Отанымызда күш-қуатына деген, идеяларымыздың әділдігіне, коммунизмнің жеңіп шығатындығына деген терең сеніп тән болатын.

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

1

Ә.Марғұлан

ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙГЕН ҰЛЫ

Қаныш — аяулы ғалымдығымен бірге ол халықтың сүйген ұлы, бар өмірін, білімін ел игілігі үшін сарп еткен кісі. Сондықтан оның әдемі жарқын бейнесі біздің жас ұрпақтар үшін аса қадірлі, аса қымбат.

Қаныштың туып-өскен, бала күнінде ойнақ салып қызықтаған жері Арқаның бір сұлу елкесі — Баянауыл тауының сыртқы бектері, Ақкелін. Бұл тауларды орай ағып ететін өзенді Ащының суы дейді. Оған құятын - екі сала бар: бірі — Айырық, бірі — Сарықамыс. Қаныш сол Айырық сайының биік жағасында, ерте заманнан келе жатқан езінің ата қыстауларында, 1899 жылы апрель айының 12 күні жарық дүниеге келеді.

Қаныштың ез әкесі Имантай — ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын. Қөп жасаған өмірін ол кісі ескі заманның әділетсіз зұлымдық істеріне қарсы қойып, жәбірленген, жапа шеккен адамдарға кемек керсетуді зор мақсат еткен. Имекеңнің бұл жақсы қасиеттерін ол кісімен істес болған кедейлер — Қозыбағар мен Қасен жақсы білетін. Олардың бүгінгі ұрпақтары совхоз жұмысшылары Заир мен Нұрлан да ол қасиетті әлі күнге ұмытпаған.

2

Имекең ғылымды, ой жұмысын жақсы көретін, оның сол қасиеті жас ұрпақтарға үлкен әсер етеді. Революциядан бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. Олардың ішінде Қаныштың ағасы Әбікей Сәтбаев Омбының семинариясын бітіріп, сол кездің өзінде орыс тілі мен әдебиетінің бірінші маманы болып шығады. Бүгінгі Шығыс Қазақстан, Семей, Павлодар облыстарынан шыққан жастардың Әбікейден оқымағаны кемде-кем болуы керек. Қаныштың екінші ағасы Кәрім Сәтбаев та семинарияда оқыған, жүйрік, білгіш адамның бірі, жан күйі өнерді, музыканы сүйген кісі болады. Қаныштың емшектес ағасы Ғазиз (Бөкеш) домбыра тартатын  күйші, сүйіп оқитыны Абай, Пушкин, Лермонтов еді, «Евгений Онегин» романын жастарға әңгімелеп отырғанын көргенім бар. Қаныш та сондай кішіпейіл кісі еді. Әңгімелескенде: «Бөкежанның қасында мен түк емеспін. Оның жүйріктігі менен асқар таудай биік тұратын» дейтін.

1925 жылы жаз күні Мұхтармен бірге Абай ауылында болғанда уақытымыз сол жердегі шешен қариялардың сөзін тыңдаумен өтті. Ол революция екпінінің толқыны әлі басылып болмаған, қуаныш лебі әрбір адамның жарқын жүздерінен ашық көрініп тұратын кез болатын. Бір күні әңгіме «талант» туралы болды. Мұхтар да қойдан қоңыр, кішіпейіл кісінің бірі еді, өзінің асқаралы талантын, білгіш-жүйріктігін жұртқа көрсеткісі келмейтін. Ойға батқан тұнғиық қара көзін қасында отырған Тұрашқа тастап:

—  Сіз қырдағы жаңа дәуірлеп келе жатқан жастар арасында кімді озық талант деп түсінесіз?— деді. Тұраш қасқау қарап:

— Бұл қыр аймағында озық талант Имантайдың екі баласы.

3

Бүгін де олардан озық жас бар деп өзім түсінбеймін. Ол екеуінің алапаты бүтіндей басқа. Жаратылыс білімді де, ақыл мен ойды да оларға ерекше берген. Олардай саңлақ кісі бүгінгі жастар арасында өте сирек кездеседі,— деді.

Қаныш туралы мұндай жарқын ойларды кейінірек кеп еститін болдық.

Мен Қанышты бала күнімнен білетінмін. Өйткені оның туып ескен ауылы біздің ауылдан онша қашық болмайтын, екеуі де Баян тауының төңірегін қоныстайтын көршілес ауылдар болатын. Жазды күні жай-лауға шыққанда олар біріне-бірі тіпті жақын келіп отыратын. Өйткені Баянауыл дуанына карайтын сегіз болыс елдің жаз жайлайтын өлкес ұзыннан аққан Шідерті өзенінін бойы. Ол 300 шакырымға созылып, жаз күні оның өн бойы қазқатар тізіліп отырған мыңдаған ауылдар болатын. Қаныш туған ауылдар Шідерті өзенінің бас жағын, Бала Шідерті, Батпаккөл, Сұңқарқия дейтін өрістерді жайлап, қысқа қарсы Ақкелін тауынын баурындағы Айырыкты кыстайтын. Ол кыстау Баян қаласынан 80 шақырым күнбатыста тұрады. Революциядан кейін жас студент Қаныш аулын Батпақ келге көшіріп, ол арада бірінші рет колхоз үйымдастырып, қала салу, мектеп ашу, кооперация құру жұмысымен шұғылданды.

Павлодар мен Семейде оқып жүрген кезінде Қаныш каникулға қайтқанда Айырықтағы қыстауға бармай, Шідерті өзенін өрлей шығып, біздің ауылда талай рет тыныс алып жүрді. Оның қасында ағасының балалары, қарлығаштың балапанындай қара көзі мөлдіреген осы күнгі Райхан мен Раушан болатын. Имекеңнің айтуынша, Қаныш бала күнінде өте момын, түнғиық болып өседі.

4

Төртбес жаска келгенде асық, топай ойынымен құмарланады, езеннің жағасынан әдемі жылтыр тастарды көп жинайды. Айырықтағы Қаныштың асық ойнау үшін жылтыраған алаңын қарт кісілер әлі күнге ұмытпаған.

Қаныш алты жасынан бастап Ақкелін болысының орталығынан ашылған ауыл мектебінде оқиды (1905— 1911), оның оқытушылары Омбыда, Семейде, Павлодарда білім алған, бірталай сауаты бар адамдар болады. Олардың ішінде ең білімдісі — Шоқанның ұрпағынан Бексұлтан Уәлиханов, Б. Жуанышбаев, тағы басқалар. Оқу қазақ тілінде жүреді. Ауыл мектебінде арабша хат танып, араб тілін үйреніп, нақу оқиды, парсы, түркі (шағатай) әдебиетінің үлгілерімен танысады. Қаныш мұсылманша өзге жерде оқымаған. Оның араб, парсы, шағатай әдебиетін бірталай жақсы түсінуіне негіз болған бір ғана осы мектеп.

Араб пен парсы тілінен хабары барлығы кейінгі кездің езіне дейін — оның әзілдеп айтқан сездерінен ашық керініп түратын. Шығыс әдебиетімен бірге бүл мектепте орыс тілі қатар жүрген. Қанышқа бірінші рег орыс тілін үйретуші Г. В. Терентьев деген кісі. Қаныш осы мектептің өзінде орыс тілін жақсы оқып, өзге пәндерден де басқа балалардан жеке қара озық отыра ды. Канышпен бірге бұл мектепте оқыған кісілер әлі күнге бар. Олардың айтуынша, Қаныш мектепте тұрып оқымаған. Ол қыстауы Айырықтан Ағаш үйге күн сайын салт атпен келіп оқитын болған. Бұл екі қыстаудын, арасы жеті шақырымдай. Мектепке келіп жүргенде Қаныштың астына мінгені кер ат, үстіне кигені шидем күпі, аяғында саптама етік, басында елтірі тымақ. Осы түрінде Қаныш ауыл мектебінде бесалты жылдай оқып, одан жақсы білім алып шығады.

5

1911 жылы 12 жасар Қаныштың ағасы Әбікей Павлодарға апарып, ондағы екі кластық орыс-казақ мектебіне түсіреді. Әбеңнің ол мектепте орыс тілі мен әдебиетін оқытып жүрген кезі. Қаныш қиындық көрмей жеңіл түседі. Мектеп оқушылары, олардың ішінде бүгінде 90-ға таянған қарт мұғалім Н. Е. Алексеев Қаныштың алғырлығына, оның ауыл мектебінен көп білім алып келгеніне таң қалады.

Өзге балалардан Қаныштың ерекше артық отырғанын көрген соң, педсовет оны бірінші класта босқа ұстамай, қыс ортасында келесі класқа көшіреді. Қаныш пен ағасы Әбең бұл мектептін. жарық жұлдызы болып көрінеді. Оку мен бірге екеуі қосылып, өзге балалармен сауық кешін өткізіп, ән салып, скрипка, гитара, домбыра тартып, Абай мен орыс ақындарының жырынан қызықты үзінділер оқиды.

Қаныш Павлодар мектебін 1914 жылы бітіріп, жазды өзінің ауылында, Шідерті езенінің бойында сауықпен өткізді. Бірақ окудың дәмін жақсы татқан бала орта жолда қалып қойғысы келмейді, ілгері оқуды көксеу ойын елегізітіп, есінен шықпайды. Июль айы туысымен әкесі Имекеңнің алдынан дабыл қағып, август айының басында Семейге оқуға жүруге дайындық жасау керек екенін күн сайын есіне түсіре береді.

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

С.Мұқанов

ДАРА ШЫҚҚАН ДАРЫН ЕДІ

Қаныш тек қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ол — бүкіл совет ғылымын шырқау биікке шығарғандардың бірі.

Қөз алдыма Қаныштың бейнесі қайта-қайта келе береді. Сонау алғашқы табысқан жылдардан бергі білгендерімнің бәрі ойыма орала береді. Сол сәтте Қаныш тек жақсылығымен, үлкендігімен, дарындылығымен Даралығымен, аскан адамдығымен алдымда тұрғандай болады. Солай да еді.

Мен 1928 жылы Қарсақбайға барған болатынмын.

Қазақстан кеншілерінің кажырлы еңбегін, қайнаған емірін, жер астының жасырын сырларын жалықпай ақтарып жатқан халқымыздың ардақты ұлдарын көрсем деп барғанмын. Сол сапарда Қанышка жолықтым. Ол кезде Сәтбаев Қарсақбайда геологиялыкбарлау партиясының бастығы еді.

Сол сапарда Қаныштың қасында бір ай жүрдім. Қазақстандағы жер астының байлығы туралы, алуан кеннің сырлары туралы көп әңгімені, көп жайды содан алған едім.

Қаныш асқан ғалым еді. Бұған коса жан дүниесі бай адам болатын. Кейбір ғалымдар өз саласын ғана жете біліп, өзге дүниеден азғантай

2

мағлұматтармен жүре береді ғой. Ал. Қаныш олай емес еді. Ол жанжақты ғалым болатын. Көркем әдебиетті көп білетін, енердің сансаласына ой жіберіп, жақсы пікірлер айтып отыратын. Жалпы Қаныш сөзге сараң кісі еді. Ол өз білгенін орынсыз айта бермейтін. Ал кездесулерде, үлкен жиындарда, бас қосуларда басқалардан озық шығып, ойлы келіп отырады. Ғылымның бар саласынан бес саусақтай хабардар еді, бәріы де жете білетін. Әркім одан жақсы ой, пайдалы пікір, әдемі әңгіме, алуан жаңалық есту ушін баратын.

Мен осындай дара шыққан адамның бейнесін көптің алдына үлгі етсем деп жүруші едім. Өзімнің «Есею жылдары» деген кітабымда «Қарсақбай сапары» деген үлкен бөлім бар. Сол үлкен бөлім Қанышқа арналған. Мен осы бөлімде өзімнің ол туралы ойға түйгендерімді айтқанмын. Осы бөлімде мынадай бір пікір бар. Бұл сол Қарсақбай сапарына барғанда Қанышпен қоштасар алдындағы пікір болатын. Мен: «Қоштасарда Казақстанның жер астындағы бар байлығы осы кісінің басында сияқты көрініп кетті. Расында да солай еді»,— деп жаздым.
Осы ойымды тағы да қайталап отырмын. Ол — дара шыққан дарын еді.

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

Н. Оңдасынов

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ

Қазақ ССР Жоғарғы Совет інің шешіміне сәйкес 1938 жылдың июнь айында мен Қазақ ССР Халық комиссарлары Советіне қызметке орналастым. Ол кезең — елді индустрияландыру жөніндегі алғашқы бес жылдықтардың артығымен орындалып, ауыл шаруашылығын коллективтендіру істері аяқталып, халықтың тұрмысы әжептәуір жақсарған кезі еді. Бұл жағдай үшінші бес жылдықты күрделі істер тындыруға даңғыл жол ашты.

Үшінші бесжылдықта еліміздің шығыс аудандарының өркендеуіне айрықша көңіл аударылған. Қазақстанның үлесіне бұрын-соңды болмаған міндеттер жүктелген.

Ұлан-байтақ Қазақстанның көп салалы халық шаруашылығымен, мәдениетімен, өнерімен толығырақ танысуға бір-екі жылдай уақыт кетті. «Ойдан ой туады» дегендей, бұдан республиканың алдында тұрған алып істерді мүлтіксіз атқару үшін алдымен ғалымдарға, білгіш мамандарға, қолдарынан енер тамған сауатты қалың бұқараға сүйену қажет екені байқалды.

Ол кезде Қазақстан мұндай кадрларға өте мұқтаж еді. Осы мәселелерді тездетіп шешу, алдымен ғылымды ұйымдастыру қамын ойлау қажет болды.

2

Бұрын орман шаруашылығы саласында істеп жүрген кезімде баспа беттерінен геолог Қ. Сәтбаевтың бірнеше мақалаларын оқығаным барды, сол есіме түсе кетті. Сұрастырып қарасам, ол кісі Жезқазғанда болып шықты.

Ол кезде темір жолмен жүрушілерге Жезқазған Алматыдан гөрі Москваға жақынырақ болатын. Сәті келіп 1941 жылдың бас кезінде Қанекеңмен алғаш рет Москвада кездестік. Көп сөйлестік, Оның үлкен маман екені қатты әсер еткен еді...

Қазақ ССР Ғылым академиясын ұйымдастыруға қажетті дайындықтар жүргізу үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ ССР Халық Комиссарлары совет інің қаулысымен үкімет комиссиясы құрылды. Оның председателі орынбасарларының бірі болып Қанекең тағайындалды. Қазақстанның басшы органдары Комиссияға аса қиын, бірақ игілікті міндеттер жүктеді.

Қазақстан үкіметі жоғарыда айтылған күрделі шараларды іске асыруда еш нәрсе аяған жоқ, қаражат керегінше тоқтаусыз беріліп тұрды. Сол кездегі мүмкіншіліктің тапшылығына қарамастан жаңадан ашылған ғылым ұяларына тиісті қамқорлық көрсетіліп отырды. Еліміздің белгілі архитекторы А. В. Шусевтің басқаруымен осы күнгі Қазақ ССР Ғылым академиясының бас ғимаратының жобасы жасала басталды.

Комиссия өзінің барлық жұмыстарын СССР Ғылым академиясымен ақылдаса отырып жүргізді. Ұлттық ғылыми кадрларды тәрбиелеуде, Қазақстан Ғылым академиясын құру істерінде, оның жұмысын жолға қоюда СССР Ғылым академиясының орны айрықша.

3

Осы істердің басынан аяғына дейін оның сол кездегі президенті В. Л. Қомаров, вице-президенті И. П. Бардин, академиктері И. И. Мещанинов, А. М. Панкратова, тағы басқалары, тікелей қатынасып отырды. Соғыс жылдары бұл байланыс бұрынғыдан да нығая түсті.

СССР Ғылым академиясы президиумы Свердловскіде болғанымен, академиктердің көбісі Қазақстанда — Бурабай мен Алматыда болды. 1942 жылы Бурабайдағы академиктерге сәлем беруге арнайы барып, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстары жемісті жүріп отыруына қолайлы жағдай жасап, басқа да мұқтаждарын өтеп кайттық. Аса қиын кезеңде ғылымға деген Қазақстанның қамқорлығы жөнінде академиктердің ризалық алғысы олар Москваға қайтар кезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақстан үкіметінің аттарына жазған қоштасу хатында жылы сүйінішпен айтылған.

Қазақстанның өндіргіш күштерін мейлінше арттырып, оның байлығын соғыс мұқтаждықтарына кең пайдалану мақсатымен көп салалы аралас комиссиялар құрылды. Олар аса пайдалы жұмыстар атқарды. Комиссиялардың жұмысына Қазақстанның көптеген жас мамандары белсене қатысты. Олар тәжірибе жүзінде үлкен ғалымдардан өнеге алып, тез ысылды.

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

М. Сәрсекеев

ТУҒАН ЖЕРДІҢ ТАСЫ ДА ТАНЫМАЛ
(«Қаныш аға» циклінен новелла)

Елден шыққалы айдан асқан. Асқаралы Алатау да, алмалы Алматы да алыста. Даланың ұшы-қиырсыз кең жазира, құба белдері де қиянда қалған. Бәр-бәрі соның казір көз ұшынан гөрі қиял қиырынан ғана көрінгендей.

Асылында, мұндай сезім Қанышқа бұрын-соңды кезікпеген беймағлұм кұй. Ес білгелі үйінен ұзап шыққаны осы ма еді? Туған Айырығын тастап он екі жасында Кереку кетті. Семей, Томскіде жүргенде де алыста қалған ауылын сағынып, дәл осылай аңсаған еместі. Ал бүгін солардың бәрінен жырақ кетіп, бөгде ел, бөтен жұрттың қонағы боп, көңілі есіп масайрап жүрсе де, жүрегі сол бір туған, тұрған мекендерін іздегендей, көксегендей.

Әрі-сәрі күйде тұрып, тағы да қиял жетегіне еріп кетті. Таң қылаң бере оянған Отельдің оңаша бөлмесі тылсым тыныштықта мүлгіп тұр. Күлгін түсті күңгірт қабырғалар да қалғи бер деп қабағын еріксіз жапқандай еді. Бірақ, ояна сала ойын шырмаған әлгі бір сезімдер ұйықтатпады. Со бетінде терезе алдына барған.

Ағылшын жұртының атақты астанасы бүгін де кіреуке тұманның кілегейдей қою шылауына оранып, тұнжырап тұр екен.

2

Лондонның тұнжыр аспанына қарап тұрып, тағы да көңілі өзінің шалқар даласына кетіп қалғанын Қаныш біраздан соң ғана аңғарды. Аңғарды да терезе алдынан шегініп кетті.

Британия парламентінің шақыруымен Англияда қонақта жүрген СССР Жоғарғы Советі делегаңиясының осы сапарға шыққанына бірталай күн болып еді. Бұл елге март айының басында келген.

Аз күнде көргендері де, білгендері де аз емес: Лондонның іші-сырты –Гайд-Парк, ұлттық галерея, Британия музейі, Сити, Пикоделланың түнгі от жарнамалары, Вестминстер аббатствосы, Эдинбург пен Стратфордтың керікті орындары, Шеффилдтің металлургия алыбы, Ватерлоо көпірі... ең аяғы, мына ездері жатқан ақсүйектер кварталы Вест-Эндадағы айшықты сарайлар... бәр-бәрі қонақтарға түгел керсетілген; көне, жаңа тарихтары, аңыз-ертегілері әлденеше қабат қайталанып айтылған. Осылайша, әрбір сағат, минутына дейін еншіленіп, ерекшеленіп, бір саяхатқа бір саяхат жалғаса берген.

Бүгін де сондай кундердің бірі еді.

Таңертеңгі ас үстінде делегация мүшелеріне бүгінгі күннің ресми программасы жария етілді. Темза бойымен серуен жоспарланған екен.

Қаныш Имантайұлы бұл хабарға онша қуана қойған жоқ. Еркі әзінде болса, Лондонның сұрғылт қоршаулы сүренсіз сүр үйлерінін қамауы мен тұман тұмшалаған аспанынан бір сәт құтылып, тынысы кен қала сыртында ұзакты күн серуен құрар еді. Қонақтын осы күйін сезгендей, өздерін неше күннен бері бастап жүрген үкімет чиновнигі кенет Қанышқа бұрылып:

3

Мистер Сатпаеф, сіздін бұрнағы күнгі тілегінізді Британия музейі қуанышпен қабыл етіпті. Қай сағатта баруды қалайсыз?– деді.

Қисыны келіп тұрған шаруаны кейінге қалдырып кайтсін. Сол сағатта-ақ музейге баруға әзір екендігін білдірді.

Әлем асылдарынын атақты ордасы Британия музейін қонақтар келген кезде-ақ көргенді. Тобымен жүріп, әлденеше залда көрмеге қойылған асылдарды армансыз тамашалаған.

Қаныштың сұрағаны бұл емес. Ұлы өнерді тани да, қадірлей де білетін талғамы болғанымен, оны қайта бажайлап қарауға уақыты жоқтын. Британия музейіне оның екінші рет, өзі сұранып келуіне себеп мүлдем басқа жай еді.

Бұл жолы ұлы Қоролевствоның музейде тұрған тас қазынасымен толығырақ танысу үшін келгенді.

Тас көмірден өзге қазынасы жоқ, қазба байлыққа мулдем жұтаң, ұлтарақТай арал болғанымен бұл елдің тас қоймасы қордалы екенін Қаныш ойша болжаған. Алданбағанын музейдің минералогия залына келгенде білді. Қоролевствоның тас қазынасы әрқайсысы жеке музей дерлік, зәулім, кең бірнеше залға орналасқан екен. Қайда қараса да көздің жауын алғандай жыпырлаған тас.

Қаныш шынымен риза болды. Өзінің бұрын-сонды көрген минералогия музейлері мынаның қасында әншейін сияқты. Бірақ, ол осынша байлықтын бұл араға жиналғанына таңданған жоқ. Қанша жесе де қанағаты жоқ жыртқыш арыстанның алып бейнесін мемлекеттік гербіне ұялмай салып,

4

қанды шеңгелін алты материкке бірдей созған алақандай аралдың қомағай екенін бұрыннан білетін. Шынында да, ол жер бетіндегі барлық асыл қазына, тас байлығын қылғымай жұта берген тәрізді. Геологтың кәнігі көзі зал экспонаттары ішінен Африканың тұңғиыл мөлдір алмасын да, Алтайдың аспан тұстес асыл тасын да көрді. Скандинавияның атақты карборитін, Американың қызыл ағатын, Оралдың түрлі-түсті боратын да таныды. Қеп тасты ол алдында жатқан этикеткасын оқымай-ақ танып, ескі танысындай айырып келеді. Тек, оқта-текте ғана еңкейіп, жазуға үңіледі. Қейбір сәтте өзін бастап келе жатқан музей қызметкеріне бұрылып, түсінік беруін сұрайды. Бірак, көбіне ол үн-түнсіз қалыпта, өзімен-өзі құныға тамашалаған күйде, тастармен ғана тіл табысып сырласа берген...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

Ә.Тәжібаев

ЕСІМДЕГІЛЕР

Мен әлі күнге дейін өзімнен үлкендеу адамды көрсем «Қаныш аға» дегім кеп тұрады. Бірақ амал не, ондайлар сирек кездеседі ғой. Біреу қуланып жымиса, біреу сұмданып күлімсіреген болады. Ал енді біреулер қасқыр бетінен қарлы-мұзды ызғар тептіргенін айбын көретін сияқты...

Мен Қаныш ағамен 1931-жылы Қарсақбайда таныстым. Алғашқы көргенім, алғашқы қол алысқаным әлі есімде. Сонда мен көптен аңсаған, бірақ кездестіре алмай жүрген қымбат адамымды тапқандай қатты қуанған едім. Асыл ағадан сол жолғы алғаш алған әсерім, сол жолғы естіген әңгімем «Еңбекші қазақта» очерк түрінде басылып шықты...

Үйде кездесеміз, түзде кездесеміз... күндіз кездесеміз, түнде кездесеміз. Мен ағамен кездескен сайын есіп, жетіліп қалғандай сезінер едім... Айлы түнде Кеңгір өзенінің бойында жантайып жатқанымыз есімде: анадай жерде шай қайнатқан жігіттер күліседі, олардан әріде шатырлар ағараңдайды. Біз жай ғана сөйлесудеміз.

—    Шаршайсыз ба, аға?

—    Күндіз аздап...

— Түнде ше?

2

–  Түнде өте жақсы тынығамын.

Күндізгі күшті жел сынғалы бері бұлт та сиреген, ай да біраз бізге жақындағандай еді. Қаныш сәл ғана ойланып кідірді де қайтадан тіл қатты:

—    Әбес, Абай елеңдерінен оқып жіберер ме едіңіз,— деді. Мен бөгеліңкіреп, қысылған кісідей керініп қалсам керек, Қаныш бір түрлі ыңғайсызданғандай басын көтеріп алды. Мен сол кезде оқи бастадым:

Желсіз түнде жарық ай Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі,

Көрінбей жердің топырағы,

Құлпырған жасыл жер жүзі...

Оқып болдым. Үн-түнсізбіз. Екеуміз де қасымыздан Абай ыңырсып өткендей, соған құлақ асқандай тына қалыппыз: екеуміздің де ішімізге қазақ тілі жаңа бір жарық, жаңа бір жылу алып кіргендей, бақытты сезінгендейміз... Кеудемізде тағы ырғақ оянды...

Қараңғы түнде тау қалғып

Ұйқыға кетер балбырап...

деп енді Қаныш аға бастады. Дыбыс келісімдерін, әуен ырғақтарын жетік сақтай білетін қоңыр дауыс ерекше бір сырбаз естілді.

3

Абай әні мен өлеңіне қосылған ыстық ғашықтық, жастық құмарлық үні жарыса сөйлегендей... «Осындай түнімнен айналдым, осындай тауымнан айналдым», дегендей күңіренеді...

—    Ұйықтаймыз ба, Әбес?

—    Мейліңіз, аға.

Ұйықтау қайда мұндайда. Жарық түндей жарық ойлар теңізіне батыппын да кетіппін... Мен Қанышты бұрын да сыйлайтынмын, оның «Едігеге» жазған сөз басы қандай еді, сонда ол үлкен әдебиетші болып сөйлеген-ді. Міне, енді жай ғана ән салғанын есіттім.

—    Қаныш аға, жазған өлеңдеріңіз сақтаулы шығар...

—    Оны қайдан шығардыңыз,— деді күліп,— мен өлең жазып көрген емеспін.

—    Кешіріңіз.

Иә, ол кешірімді адам, менің жеңілтек сұрағыма да кешірім еткен болу керек. Адамның үлкендік белгісінің бірі кешірімділігі емес пе? Әрине. Бірақ мен Қаныштың ұлы ақындарымыздың бірі екеніне бүгінге дейін шектеніп көрген емеспін. Рас, ол ұлы ақын еді. Ол желдің, судың тіліне түсінетін, далада жатып жер жүрегінің қалай соққанын тыңдайтын, тереңдегі мұнайлар шуылын істетін. Оған тас сейлеп сыр шертетін, темір ән айтатын.

Мен осы кездескеннен кейін Қаныш ағаның ақ шатырлары туралы өлең жаздым:

4

ғажап геологтың шатырлары өшкен жұртында жаңа қалалар өседі дедім.

Ойым, айтайын дегенім әсем-ақ еді, бірақ ақындығым әлсіз соққандықтан елең де әлсіздеу шықты.

Алып адамдардың көңілдері жарық, күшті қолдары ұзын келеді ғой. Олар қауым тірлігінің барлық саласына да араласып сәулесін түсіріп, жаңағы ұзын қолдарымен көмектесе жүреді. Қаныш жалғыз ғылымға ғана емес, әдебиетімізге де болысушы, қолма-қол жәрдемдесуші еді. Мұхтар Әуезовтің «Абай» романы шыққанда қандай қуанғаны, қандай ірі сөздер айтқаны бәріміздің есімізде.

Ғажап адам ақырғы деміне дейін ұлы Отан үшін еңбектенді. Мен «Монологтар» дейтін драмалы поэмада Қаныш ағаға да сөз бердім. Ол жарық дүниеге соңғы рет көз тастап тұрып:

—    Бірақ нәрсе қиналарым қимасым:

Бар еді ғой алдымда көп арайлар,

Бар еді ғой жарқын үміт қарайлар,

Бар еді ғой жарқылдаған жана ойлар... –

деп күрсінеді.

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

Ф.В.Чухров

ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫНЫҢ ЖАРШЫСЫ

Мен Қ. И. Сәтбаевпен алғаш рет 1936 жылы кездестім, әйтсе де сол кездесу әлі күнге дейін естен кетер емес.

Бұл Қарсақбайда болған еді. Қаныш Имантайұлы ол кезде геологиялық барлау қызметін басқаратын. Бір топ геологтармен бірге мен СССР Ғылым академиясының өндіргіш күштерді игеру Советінің Үлкен Қазақстандық экспедициясына қатысу үшін Қарсақбайға келдім. Біз Қазақстанға бірінші рет келген едік, сондықтан біршама жүрексініп, тосырқап қалдық, өйткені көбіміз әлі тәжірибесі аз жас мамандар болатынбыз. Алайда Қаныш Имантайұлымен алғаш кездескеннен кейін-ақ бұл тосырқау лезде тарап, қызықты болашаққа, қиыншылықтарды жоюға деген сенім бойымызды биледі.

Қаныш Имантайұлымен бірге алғаш рет Жезқазған – Ұлытау ауданына саяхат жасадық, сонда біздің бәріміз оның қажыр-қайратына, ауданның геологиясын және бұдан былайғы зерттеу міндеттерін жетік білетініне қайран қалып едік. Кейінірек, біздің әрқайсымыз өз жұмысымызды орындай бастаған кезде, бізге Қаныш Имантайұлы дамылсыз келіп тұрды. Ол зерттеу қорытындыларымен танысуға, сондай-ақ достық ақыл-кеңес беруге, әрқилы сауалдарға жауап қайыруға және практикалық істе көмек көрсетуге

2

әрдайым әзір тұратын.

Мен ол кезде Жезқазғанның қышқылдану аймағын және Жезқазған — Ұлытау ауданының марганец кенішінің минералогиясын зерттеумен шұғылданған едім. Сол кезде еш тәжірибесі жоқ, төтен жағдайға бірінші рет душар болған маған Қаныш Имантайұлының жасаған қамқорлығы өзіме қатты әсер етті. Қазақстан езіме етене жақын болып кеткен кейінгі жылдарда да мен осы әсерде жүрдім.

Қ. И. Сәтбаев Алматыға кешіп келгеннен кейін де онымен талай кездестім. Бұл тұста оның ғалым, әрі ұйымдастырушы ретіндегі қабілеті тез жарқырап көрінді.

Ұлы Отан соғысының бас кезінде майданға көмектің сан алуан мәселелерін жедел шешуге бағытталған Қ. И. Сәтбаевтың ерекше ғажап қызметінің куәсі болдым. Оның күллі ақыл-парасаты қорғаныс мұқтажы үшін шикізат ресурстарын шапшаң жұмылдыруға бағытталды. Мысалы, Қазақстанның далалық бөлігіндегі кеніштердің ескі руда үйінділерін қорғасын қорытуға пайдалану проблемасын талқылау менің есімнен кетпейді. Қаныш Имантайұлының сол бір қаһарлы жылдардағы күллі қызметіне тән керемет серпінді стиль осы мәселеден айқын көрініп еді.

Сол сияқты Қ. И. Сәтбаев біздің жеңісіміз үшін маңызы бар деген геологиялық жаңалықтардың бәрін қалт жіберген жоқ. Мысалы, Қаныш Имантайұлы Саяқта кобальт минералының ашылуы туралы мәлімет алысымен, маған дереу осы кенішке барып, геологиялық-барлау партиясының жұмысына аралас,— деді. Қаныш Имантайұлы осы сапарды ұйымдастырудың күллі практикалық детальдарын

3

қолға алды, сөйтіп, санаулы күндерде дала жұмыстарын жүргізу үшін не қажетің бәрі сақадай сай болды.

Бұдан көп кейін Шығыс Қоңырат молибден кенішін зерттеумен шұғылданған кезімде Қаныш Имантайұлы мені барынша қолдап, ынта-ықылас білдіріп отырды, көп ретте жұмысымның аяқталуына жағдай жасады.

1943    жылы Қ. И. Сәтбаев (Н. Г. Қассинмен бірге) Шығыс Қоңырат геологиялық барлау партиясына келген кезде өзінің кенішті және оны зерттеу нәтижелерін керемет білетінін көрсетті. Оған не істелгені және қандай мәселені шешкеніміз туралы айтып берудің өзі бір ғанибет болатын. Мен оның жеке фактілерді жинақтап, Қазақстанның геологиялық құрылымының жалпы көрінісімен байланыстыра білу қабілетіне әбден сүйсіндім.

Соғыстан кейінгі жылдарда мен Қ. И. Сәтбаевпен Алматыда және Москвада талай рет кездесіп жүрдім. Біз Қазақстандағы геологиялық зерттеулер туралы, оларды ұйымдастыру мен дамыту туралы кеп әңгімелесетінбіз. Менің бір байқағаным, Қазақ СССР Ғылым академиясының президенті болып тұрған кезінде Қаныш Имантайұлы республика жер қойнауын геологиялық тұрғыдан зерттеуді өрістетуден әзінің күш-жігерін аяған жоқ. Ол кесек, ірі мәселелерді де, сонымен бірге, былай қарағанда, ғылыми мекеменің күнделікті практикалық қызметінде ұсақ-түйек болып көрінетін екінші кезектегі мәселелерді де шешуге қабілетті еді. Міне, бұл стиль Қ. И. Сәтбаевтың күллі ғылыми-ұйымдастыру қызметінің зор табысын айқындаған-ды...

Бұрынғы геология-география ғылымдары бөлімшесінің жұмысына

4

қатысқан біздің бәріміз үшін СССР Ғылым академиясындағы геология ұйымдарының әмірінде Қ. И. Сәтбаевтың рөлі ерекше зор болды. Оның геолог-ғалымдарымыз арасындағы айрықша беделіне, оның әр түрлі мәселелерді анағұрлым озық позициялар тұрғысынан шешудегі аса көрнекті роліне менің талай рет көзім жетті.

Қазақ халқының үздік перзенті Қ. И. Сәтбаев Советтік Отанымыздың жалынды патриоты, халықтар достығының жаршысы еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

1

Ш. Шокин

ҒЫЛЫМНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Қаныш Имантайұлы Сәтбаевты совет халқы, советтік озық ғылымымыз мақтан тұтады. Аса үздік ғалым ретінде ол елімізден тысқары жерлерге де кеңінен мәлім еді. Ол шын мәнісінде көптеген ғылымдар саласында энциклопедиялық терең білімі бар ғұлама ғалым болатын. Қ. И. Сәтбаев адамдарды өзіне баурай білетін ерекше қабілетімен ерен көрінетін. Ол еліміздің халық шаруашылығының, ғылымы мен мәдениетінің игілігі жолында ғалымдардың еңбегін ғажап ұйымдастыра білді.

Қаныш Имантайұлы институтты бітіргеннен кейінгі 15 жыл өмірін Жезқазған - Ұлытау аймағының кен байлығын айқындап анықтауға жіберді. Ол келешекке батыл көз тастайтын, өзінің арманы үшін күресе білетін талантты инженер және басшы болды. Қазіргі Үлкен Жезқазған — Қ. И. Сәтбаевтың жүзеге асқан арманы еді.

Сол кездің өзінде-ақ Қаныш Имантайұлы өзін тек инженер ретінде емес, парасатты ғалым ретінде көрсете білді. Ол кенді аудандардың геологиясын комплексті зерттеу жайлы әз еңбектері негізінде Жезқазған мыс кенінің орналасу заңдылықтары хақында байсалды қорытындылар жасады, оның зор келешегін көрсете білді. Бұл жайлы ол Москва мен Ленинградтың ғалымдарын хабардар етіп, Совет Одағының үкімет басшыларына баян етті, сөйтіп, одан әрмен

2

геологиялық зерттеу жұмыстарын кеңейтуге және ұланбайтақ Жезқазған кен қорын іс жүзінде игеруге жол ашты.

Қанекен Григорий Константинович Орджоникидземен жеке кездесіп, оған Үлкен Жезқазғанды құру жайлы идеяны баян етті. Аталған ауданның дамуында бұл кездесудің маңызы ерекше болды. Совет Одағының ғылыми жұртшылығы арасында Қ. И. Сәтбаевтың Жезқазған жайлы геологиялық зерттеулері кеңінен мәлім болды.

Сол жылдары Қаныш Имантайұлы Жезқазғанды геологиялық тұрғыдан зерттеумен қатар бүкіл Қазақстан территориясындағы, соның ішінде орталық және шығыс аудандардағы зерттеу жұмыстарының қарқынын арттыруда белсенді қызмет көрсетті.

Еліміздің минералдық шикізат қорын ұлғайту мақсатына орай Қазақстан территориясындағы геологиялық зерттеуді біраз кеңейту керек болды. Бұл жұмысты ұйымдастырып, басшылық жасауға Қ. И. Сәтбаев бірден бір лайықты кандидатура деп танылады. 1941 жылы ол СССР Ғылым академиясы қазақ филиалының Геология институтының директоры болып тағайындалады. Бұл жұмыста ол өзін аса көрнекті ұйымдастырушы, ірі ғалым ретінде көрсете білді де, 1942 жылы СССР Ғылым академиясының қазақ филиалының председателі болып бекіді.

1938 жылы ұйымдастырылған СССР академиясының қазақ бөлімшесі ол кезде бар болғаны 132 ғылыми қызметкері, оның сегізі ғылым докторлары мен профессорлар, 29-ы ғылым кандидаттары мен доценттер бар шағын ғана ғылыми мекеме еді. Бөлімшенің құрамына екі институт пен бірнеше сектор кіретін.

3

Сондай-ақ, сол кезде республиканың азғана жоғары оқу орындары мен Ленин атындағы Бүкіл одақтық ауылшаруашылық ғылым академиясының қазақ бөлімшесінде де шағын ғана зерттеу жұмыстары жүргізілетін. Сөйтіп, соғыстың алдындағы жылдарда ғана Қазақстанда жаңа бүр жара бастаған ғылым ісін кең қанат жайдыру осыған орай және 1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысымен байланысты біраз қиыншылықтарға кезікті, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың республика ғылымының іскер де жігерлі басшысы ретіндегі қызметі дәл сол соғыстың қаһарлы жылдарында басталған болатын.

Терең білім мен зерек ойлылық Қ. И. Сәтбаевқа соғыс кезіндегі ғылымның міндетін дұрыс та дер уағында түсінуге, оның нәтижелі шешімдерін айқындап, өзі басқарған Қазақстан ғалымдары отрядын фашист басқыншыларына қарсы совет халқының біртұтас майданы сапына қосуға мүмкіндік берді. Бөлімшенің тематикалық жоспары жедел қаралып, еліміздің қорғаныс қажетіне керекті Қазақстанның табиғи ресурстарын жаппай жұмылдыру проблемалары бірінші қатарға шығарылды. Экспедициялар соғыс жағдайында практикалық маңызы бар объектілерге ғана жіберілді.

 

 

 

 

Берілген бөлімдегі материалдар "ҚАНЫШ АҒА" Академик Қ.И.Сәтбаев туралы естеліктер кітабынан үзінді түрінде алынды.

 

123

Previous
Келесі
Іс-шаралар
Ескерткiштер
imageimageimageimage
Наградалары
Фотомұрағат