Оныншы Сәтбаев оқулары

ЕИТИ-де Х-шы Сәтбаев оқулары аясында «Білім және ғылыми зерттеулер сапасын арттыру» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арнады.  Қала әкімі Александр Вербняк және ЕИТИ президенті Марат Марденов, институт студенттері ұлы қазақ ғалымы Қаныш Сәтбаевтың ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.

 


- Оқудың пленарлық бөлімін ашуда қала әкімі  еліміздің Президенті жолдауынан «Сапалы білім Қазақстанның индустриялық және инновациялық даму негізі болуы керек» – деп атап өтті.

Ақпараттық жүйелер кафедрасын құрушы, физика-математикалық ғылымдарының кандидаты бұрын Астананың Қазақстан -Ресей университетін басқарған Әбдіғали Жандығұлов сөз сөйледі.

ЕИТИ-дің «Құрылыс» және «Пайдалы қазбалы кенорындарын игеру» кафедралары оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы ең жемісті. Зерттеулердің  бір бөлігі өнеркәсіп кәсіпорындарында қолданылып экономикалық нәтижелер әкелуде.

Конференцияның еңбектер  жинағында 62 баяндама ұсынылды. Олардың ішінде 14-і жоғары оқу орнының студенттерінің баяндамасы, қалғандары – Санкт-Петербург, Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Семей, Теміртау, Көкшетау, Рудный, Екібастұз  жоғары оқу орындары оқытушыларының баяндамалары.

 

http://eitiedu.kz/index.php/2011/10/onynshy-syatbaev-okulary/

 

 
Іс-шаралар
Наградалары
Фотомұрағат