Мектептегі ғылыми-практикалық конференция. Қ.И. Сәтбаевқа – 110 жыл.

25 сәуір 2009 жыл.

Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик, көрнекті қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 110 жылдық

мерейтойына орай ғалымның туған жері Теңдік ауылында «Танымын табиғаттан, тәлімін Алаштан алған – ұлы тұлға» атты ғылыми–практикалық конференция өтті.  Академик Қ.И.Сәтбаев атындағы мектеп–балабақша оқу–тәрбие кешенінде өткен ғылыми конференцияға аудан мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері, Астана, Павлодар, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан келген қонақтар қатысты.

 

Аталмыш оқу–тәрбие мекемесінің директоры Бегендік Әліпбаев конференцияның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Тоғжігітова, «Ертіс дидары» газетінің редакторы, ақын Арман Қани мерейтойдың осындай игі шаралармен басталғанын жақсылыққа балап, ақжарма тілектерін білдірді. Конференцияға қатысушылар ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін бірнеше бағыттағы секцияға бөлініп, білімдерін  сынасты. Жас та болса, азуын айға білеген бала ақындар бір–бірімен айтысып, ғасыр перзентін жырға қосты.

Секция жұмыстарының қорытындысы бойынша, «жүзден озған жүйріктер» анықталды.

 

http://www.ertisdidary.kz/blog/2009-04-25-24

 
Іс-шаралар
Наградалары
Фотомұрағат