«Қаныш Сәтбаев» энциклопедиясының тұсаукесері

2012 жылы 1 ақпанда Алматыдағы Ұлттық кітапханада аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев энциклопедиясының тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазақстандық геология мектебінің негізін салушы, Ұлттық Ғылым академиясын ұйым­дас­тырушы әрі оның тұңғыш президенті, қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ғылыми және қоғамдық-қай­рат­керлік өмір жолына арналған энциклопедияда ғалымның туып-өскен ортасы мен дү­ние­та­ны­мының қалыптасуы, ғы­­­­лы­­­­ми-энцик­лопедиялық бай мұрасы мен білімі, қайрат­керлік қызметі, шығармашылық, практикалық еңбегі бар қырынан қамтылған. Тәуелсіздік алған жылдардан бергі тасқа басылған санаулы энциклопедиялардың қатарына енген бұл кітап осыдан он үш жыл бұрын қолға алынған көрінеді. Ел тәуелсіздігінің жиырма жылдығына орай жарыққа шыққан туындының тұсаукесер жиынын «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакторы Бауыржан Жақып жүргізіп отырды. Жиынға сәтбаевтанушы-жазушы Медеу Сәрсеке, Қ.Сәтбаевтың күйеу баласы Оразай Батырбеков, Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті Әлішер Сәтбаев, сонымен қатар Төлеген Қожамқұлов, Әбдімәлік Нысанбаев, Серікбек Дәукеев, Жүрімбек Сыдықов, Тұрсынбек Кәкішев сынды бірқатар ға­лым­дар және де еңбекті әзірлеуге қатысқан шығармашылық топ мүшелері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ғалым Жайлыбай, т.б. қатысты. Еңбектің редакциялық алқа мүшесі Әбдімәлік Нысанбаев: «Қаныш Сәтбаев Қазақстанның металлогениялық картасын жасаған тұңғыш ғалым» деп атап өтті өз сөзінде.

 

http://writers.kz/anons/?ID=3203

 
Іс-шаралар
Наградалары
Фотомұрағат